Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен журналист, жазушы, баспагер драматург Захардин Қыстаубайұлының «Қарымды қаламгер, қажырлы қайраткер» атты кездесу кеші және Түркістан қалалық ардагерлер кеңесінің мүшесі, жазушы-ақын Сағыңтай Жүзенұлы жолына арналған әдеби- танымдық кеш болып өтті. Қос іс- шараға Түркістан облысына қарасты Саураны ауданындағы Әмір Темір атындағы №3 жалпы білім беретін мектеп оқушылары Жорабек Ғалымжан, Исмаилов Муса, Әбдрашитова Раила, Мубаров Ахмет, Шамситдин Әсия, Тахирхан Балқия, Ибақожа Алина, Ерзақова Нұрсая, Азимова Тахмина, Жамалова Зарнигор, Шамситдин Асылжан есімді оқушыларымыз қатысып, ақын -жазушылар шығармашылығынан өлеңдер тарту етті. Қасиетті өлкемізде елге адал қызмет етіп, халықтың ыстық ықыласына бөленіп жүрген қаламгерлеріміздің шығармаларын оқуға насихаттау мақсатында өтілген іс-шарадан оқушыларымыз оң әсер алды. Кеш соңында Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының басшысы тарапынан алғыс хаттармен марапатталып, ақын-жазушылардың ақ баталарын алып, естелік сыйлықтарымен оралды.