Математика пәні бойынша қабілетті балаларды анықтау, білім алушылардың қызығушылығын қалыптастыру, ғылымға баулу, білім алушыларды математикалық ұғымдарды талдауға, сыни тұрғыда ойлауға, күрделі есептерді шешуге дағдыландыру мақсатында Түркістан облысына қарасты Созақ ауданындағы Әлия Молдағұлова атындағы мектепте 6 қазан күні сағ 12:00 де 3-4 сыныптар арасында математика пәнінен мектепішілік «Алтын сақа» олимпиадасы болды. 3- сыныптардың арасынан 1- орынды 3 «А» сынып оқушылары Тұрғанбай Бақыткүл, 2- орынды Нұрмұханбет Томерис (сынып жетекшілері І.Айтуғанова), 3- орынды 3 «Ә» сынып оқушысы Ынтымақ Айкөркем (сынып жетекшісі Б.Мырзабай), 4 — сыныптардың ішінен 1- орынды 4 «А» сынып оқушысы Байжұман Абылайхан 2 — орынды Тілек Али, (сынып жетекшілері Х.Есмағанбетова), 3 — орынды 4 «Б» сынып оқушысы Ерболатқызы Нұрзере (сынып жетекшісі Г.Раймова) иеленді. Олимпиадаға 3- сыныптардан 17 білім алушы, ал 4 — сыныптардан 16 білім алушы қатысты. Жеңімпаздар анықталып марапатталды. 6 білім алушы аудандық кезеңге жолдама алды.