Әлеумет Ғылымның шырағын жағып жүрген ұлағатты ұстаздар Редактор 08.10.2023 14213 1 оқу мин 2023 жылғы 5 қазан күні Түркістан облысына қарасты Саураны ауданындағы Әмір Темір атындағы №3 жалпы білім беретін мектебінде мектептің аға тәлімгері Д.Нуриддиннің жетекшілігіндегі Өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен Ұстаздар күніне арналған «Ұстаз аты биік, әрі мәңгілік» атты мерекелік іс- шара өтті. аталған шара педагог мамандардың беделін арттыруға бағытталған шара болып табылады. Мерекелік іс-шара мектеп парламенті және жоғары сынып оқушыларының ұстаздарға сый-құрмет көрсетіп күтіп алуынан басталып, соңы ұстаздарға арналған мерекелік іс-шарамен жалғасын тапты. Мектеп директоры міндетін уақытша атқарушы А.И.Мубарова және мектеп Кәсіподақ ұйымы төрағасы З.Қ.Абдураимов ұлағатты ұстаздарды кәсіби мерекелерімен құттықтап, жаңа оқу жылында сәттілік тіледі, арнайы алғысхат, құрмет грамоталары және медалдармен марапаттады. Шәкірттер санасына білім сәулесін шашып, ғылымның шырағын жағып жүрген ұлағатты ұстаздарға ақ тілектер мен ыстық ықылас білдірген білім ордасының жоғары сынып оқушылары ұстаздар қауымына ерекше көңіл-күй сыйлады. Білім мен ғылымға арнаған істері әрдайым абыройлы болып, болашақтың тұғыры жастарымыз білімді де іскер болсын деген тілек айтты. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Қазақстандықтардан 40 миллион теңге бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталды 1 оқу мин Әлеумет Қазақстандықтардан 40 миллион теңге бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталды 10.09.2026 9512 “Дубайға билет”: Ата-аналарды сан соқтырған ер адам ұсталды 1 оқу мин Әлеумет “Дубайға билет”: Ата-аналарды сан соқтырған ер адам ұсталды 10.09.2026 8543 Жол ортасында дрифт жасағаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылды 1 оқу мин Әлеумет Жол ортасында дрифт жасағаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылды 08.09.2026 9702