Әлеумет Ғылымның шырағын жағып жүрген ұлағатты ұстаздар Редактор 08.10.2023 10454 1 оқу мин 2023 жылғы 5 қазан күні Түркістан облысына қарасты Саураны ауданындағы Әмір Темір атындағы №3 жалпы білім беретін мектебінде мектептің аға тәлімгері Д.Нуриддиннің жетекшілігіндегі Өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен Ұстаздар күніне арналған «Ұстаз аты биік, әрі мәңгілік» атты мерекелік іс- шара өтті. аталған шара педагог мамандардың беделін арттыруға бағытталған шара болып табылады. Мерекелік іс-шара мектеп парламенті және жоғары сынып оқушыларының ұстаздарға сый-құрмет көрсетіп күтіп алуынан басталып, соңы ұстаздарға арналған мерекелік іс-шарамен жалғасын тапты. Мектеп директоры міндетін уақытша атқарушы А.И.Мубарова және мектеп Кәсіподақ ұйымы төрағасы З.Қ.Абдураимов ұлағатты ұстаздарды кәсіби мерекелерімен құттықтап, жаңа оқу жылында сәттілік тіледі, арнайы алғысхат, құрмет грамоталары және медалдармен марапаттады. Шәкірттер санасына білім сәулесін шашып, ғылымның шырағын жағып жүрген ұлағатты ұстаздарға ақ тілектер мен ыстық ықылас білдірген білім ордасының жоғары сынып оқушылары ұстаздар қауымына ерекше көңіл-күй сыйлады. Білім мен ғылымға арнаған істері әрдайым абыройлы болып, болашақтың тұғыры жастарымыз білімді де іскер болсын деген тілек айтты. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Автонесие рәсімдеуге мәжбүрлеген 1 оқу мин Әлеумет Автонесие рәсімдеуге мәжбүрлеген 23.01.2026 3640 Шымкентте адам өлтіру және бұзақылық дерегі бойынша күдіктілер ұсталды 1 оқу мин Әлеумет Шымкентте адам өлтіру және бұзақылық дерегі бойынша күдіктілер ұсталды 21.01.2026 6949 Ер адам өзін 34 жылдан бері некеде тұрғанын білмеген 1 оқу мин Әлеумет Ер адам өзін 34 жылдан бері некеде тұрғанын білмеген 15.01.2026 18017