Әлеумет Мектептерде ер мұғалімдер санын арттыру керек Редактор 08.10.2023 11705 1 оқу мин Түркістан облысына қарасты Келес ауданының халқы тығыз орналасқан аймақтардың бірі болғандықтан өңірде көп балалы отбасылар саны жыл сайын артуда. Осындай отбасының отағасы, 9 перзенттің әкесі Муслимов Қалаубек Ұлыбекұлы 22 жылдан бері балаларға үздіксіз білім беріп келеді. Игілік елдімекенінде орналасқан №10 “Игілік” жалпы білім беретін мектебінің ұжымы Қалаубек Ұлыбекұлын білікті маман ретінде ғана емес, отбасының тірегі болып отырған көп балалы әке ретінде таниды. — 6 ұлым мен 3 қызым бар. Ең үлкен ұлым Қарағанды қаласында орналасқан Ішкі Істер министрлігінің Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясында білім алса, ең кішкентайымыздың жасы 1-де. Шымкент қаласында жоғары оқу орнын тәмамдағаннан кейін қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша мектеп мұғалімі болып жұмысқа орналастым. Содан бері ұстаздық жолды жалғастырып келемін. Қазіргі таңда директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін де қоса атқарып жүрмін. Жалпы мектептерде ер мұғалімдер санын арттыру керек деп ойлаймын. Сондықтан шәкірттеріме де, әсіресе ұл балаларға ұстаздық жолды таңдауға кеңес беремін,-дейді 9 перзенттің әкесі. Айта кету керек Қалаубек Ұлыбекұлының жұбайы да білім саласында еңбек етеді. Балабақшада тәрбиеші болып жұмыс істейтін Перизат Ыбракимқызы да жолдасына қашан да қолдау білдіріп отырады. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Мас жүргізуші майып қыла жаздады 1 оқу мин Әлеумет Мас жүргізуші майып қыла жаздады 20.02.2026 5808 ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНА НАУРЫЗЕК ҚҰСЫ ОРАЛЫП, БӘЙШЕШЕК ГҮЛДЕДІ 1 оқу мин Әлеумет ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНА НАУРЫЗЕК ҚҰСЫ ОРАЛЫП, БӘЙШЕШЕК ГҮЛДЕДІ 18.02.2026 5945 «Ұлттық қор — балаларға»: Әр баланың шотына 130,71 доллардан аударылды 1 оқу мин Әлеумет «Ұлттық қор — балаларға»: Әр баланың шотына 130,71 доллардан аударылды 02.02.2026 24799