Әлеумет Мектептерде ер мұғалімдер санын арттыру керек Редактор 08.10.2023 16023 1 оқу мин Түркістан облысына қарасты Келес ауданының халқы тығыз орналасқан аймақтардың бірі болғандықтан өңірде көп балалы отбасылар саны жыл сайын артуда. Осындай отбасының отағасы, 9 перзенттің әкесі Муслимов Қалаубек Ұлыбекұлы 22 жылдан бері балаларға үздіксіз білім беріп келеді. Игілік елдімекенінде орналасқан №10 “Игілік” жалпы білім беретін мектебінің ұжымы Қалаубек Ұлыбекұлын білікті маман ретінде ғана емес, отбасының тірегі болып отырған көп балалы әке ретінде таниды. — 6 ұлым мен 3 қызым бар. Ең үлкен ұлым Қарағанды қаласында орналасқан Ішкі Істер министрлігінің Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясында білім алса, ең кішкентайымыздың жасы 1-де. Шымкент қаласында жоғары оқу орнын тәмамдағаннан кейін қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша мектеп мұғалімі болып жұмысқа орналастым. Содан бері ұстаздық жолды жалғастырып келемін. Қазіргі таңда директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін де қоса атқарып жүрмін. Жалпы мектептерде ер мұғалімдер санын арттыру керек деп ойлаймын. Сондықтан шәкірттеріме де, әсіресе ұл балаларға ұстаздық жолды таңдауға кеңес беремін,-дейді 9 перзенттің әкесі. Айта кету керек Қалаубек Ұлыбекұлының жұбайы да білім саласында еңбек етеді. Балабақшада тәрбиеші болып жұмыс істейтін Перизат Ыбракимқызы да жолдасына қашан да қолдау білдіріп отырады. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Діни тұрақтылықты сақтау басты назарда: Алматы облысында ақпараттық-түсіндіру тобының мамандары оқытылды 1 оқу мин Әлеумет Діни тұрақтылықты сақтау басты назарда: Алматы облысында ақпараттық-түсіндіру тобының мамандары оқытылды 25.09.2026 1396 Қазақстандықтардан 40 миллион теңге бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталды 1 оқу мин Әлеумет Қазақстандықтардан 40 миллион теңге бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталды 10.09.2026 10651 “Дубайға билет”: Ата-аналарды сан соқтырған ер адам ұсталды 1 оқу мин Әлеумет “Дубайға билет”: Ата-аналарды сан соқтырған ер адам ұсталды 10.09.2026 9282