Түркістан облысына қарасты Келес ауданының білім бөлімі ұйымдастыруымен республикалық «Балалар әлемі» жобасы аясында байқау өткізілді. Мақсаты — балаларды кітапқа қызықтыру, оқу мәдениетін насихаттау болып табылады. Бала тәрбиесінде кітап оқудың орны ерекше екенін түсіндіру. «Дәулет есіктен, ақыл бесіктен кіреді»,- демекші білім белгісі мектептен, тәрбие белгісі отбасынан бастау алатынын ұғындыру. Байқауға 8,9,10 сынып оқушылары қатысты. Байқауға қатысқан оқушыларға алғыс білдірді. Оқушылар оқыған кітаптары бойынша тест сұрақтарына жауап беріп, эссе жазды. Бұдан бөлек Келес ауданындағы мектептерде Тілдер апталығы ұйымдастырылған он күндіктің қорытынды ісшарасы ұйымдастырылды. Іс-шараның салтанатты жабылуы N2 Ө.Жәнібеков атындағы мектеп гимназиясында өтті. Он күн бойы ұйымдастырылған іс-шараларға аудан ұстаздары мен оқушылары белсенді қатысты. Қазақ, орыс, ағылшын тілі пәндерінің мұғалімдері ана тілі тақырыбында эссе жазып, Ж.Аймауытовтың мұрасына арналған ғылыми жобалар қорғады. Оқушылар арасында шығармашылық байқау ұйымдастырылды. Ақын-жазушы Бердалы Рысбековпен кездесу өтті. Атап айтатын болсақ, мектеп шәкірттері тіл тақырыбында ашық тәрбие сағаттары, қабырға газеттер байқауына белсенді қатысты.