Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Бүгінгі заманда кітапсыз, сондай-ақ кітапханасыз адамның ойдағыдай дамуы мүмкін емес. Бүкіл әлемдегі кітапханалар – білім мен мәдениеттің ошағы, жаңа ойлар мен тың пікірлердің мекені» деген болатын. Жаңа Қазақстанның жас ұрпақтарын кітап оқуға баулу үшін кітап оқуды кітапханашылардан бастап, облысымыздағы барлық балаларға қызмет көрсететін кітапханашыларға арнап Түркістан облыстық Ы.Алтынсарин атындағы балалар кітапханасы «Ата-бабалар аманаты – елдік пен ерлік, бірлік пен ынтымақ» жобасы аясында «1000 кітап – 1000 өлең» атты облыстық кітап оқу марафонын қолға алған болатын. Бұл оқу мәдениетін насихаттау барысында қолға алынып отырған жобалардың бірі. Жыл басынан бастау алған кітап оқу марафонының І және ІІ кезеңдердің қорытындысын шығарып, белсене қатысқан әріптестеріміз арнайы дипломмен және сертификаттармен марапатталды. Атап айтар болсақ: Бас жүлде Мақтаарал аудандық балалар кітапханасы, І орынды Бәйдібек аудандық балалар кітапханасы, ІІ орын Қазығұрт аудандық балалар кітапханасы, ІІІ орын — Шардара аудандық балалар кітапханасы және Кентау қалалық балалар кітапханасының еншісінде. Сонымен қатар үздік эссе жазған әріптеріміздің қатарында: Бас жүлде – Ахлиукова Фаягель Фаритовна, бірінші орын – Алмуратова МейрамкулДанебаевна, ІІ орын Андакулова Нұрбала Бахытовна Тасполтаева Айгул Серикбаевна, ІІІ орын Әлмахан Нұргүл Бейсенбайқызы Қарқабатова Нургул Тоқтасыновна арнайы диплом және сыйлықпен марапатталды. Бұл тек І-ІІ кезеңнің қорытындысы. Алдағы уақытта ІІІ кезеңді де қорытындылайтын болады.