Түркістан қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты балалар кітапханасының оқу залында 7- 10 сынып оқушыларының қатысуымен жаугершілік заманда бала күнінде Қыпшақ даласында тұтқынға алынып, жат жерде ерекше ерлігімен, асқан талантымен құлдықтан қайраткерлікке дейін көтерілген, қазақ тарихындағы ұлы тұлға Сұлтан Бейбарыстың туғанына 800 жыл толуына орай ойталқы ұйымдастырылды. Мақсаты – оқырмандарды Сұлтан Бейбарыстың өмірбаянымен таныстырып ержүректілігін, батылдығын, қайсарлығын үлгі ете отырып, Отаншылдыққа, адамгершілікке еңбекқорлыққа тәрбиелеу. Балалардың оқу мәдениет насихаттау, кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру. Бұдан кейін, Түркістан қалалық 10 кітапхана филиалы «Керемет» мектеп лицейінің ұйымдастыруымен ақын, ұлт ұстазы, ағартушы Ахмет Байтұрсыновтың 151 жылдығына орай әдеби кеш ұйымдастырылып, кітап көрмесі жасақталды. №2 кітапхана-филиалы мен Көзі көрмейтін және әлсіз көретін арнайы кітапхананың ұйымдастыруымен 1 –қазан халықаралық Қарттар күніне орай «Қарттарым –асыл қазынам» атты мерекелік іс-шара болып өтті. Іс-шара басында Облыстық Соқырлар қоғамының төрайымы Әбдіразаққызы Зәуре жүрек жарды лебізін білдіріп, Шәмшінің әнін шырқады. Қазыбек би атындағы №14 жалпы орта мектебінің оқушылары қарттарға өлең арнап «Әже» әнін орындап берді. Еркінов Сүйініш қарттарға арнау айтты. Шара соңында Есжанов Досмұқаммед және Абдукаримова Рәбия апамыз тілек-батасын берді. Кеш соңында қарттарға сыйлықтар табысталды. Мақсаты: Қазыналы қарттарымызды құрметтеу, үлкенге ізеттілік таныту. №2 кітапхана-филиалы мен Көзі көрмейтін және әлсіз көретін арнайы кітапхананың ұйымдастыруымен «Қарттарым –асыл қазынам» атты мерекелік іс-шара болып өтті. Іс-шара басында Облыстық Соқырлар қоғамының төрайымы Әбдіразаққызы Зәуре жүрек жарды лебізін білдіріп, Шәмшінің әнін шырқады. Қазыбек би атындағы N14 жалпы орта мектебінің оқушылары қарттарға өлең арнап «Әже» әнін орындап берді. Еркінов Сүйініш қарттарға арнау айтты. Шара соңында Есжанов Досмұқаммед және Абдукаримова Рәбия апамыз тілек-батасын берді. Кеш соңында қарттарға сыйлықтар табысталды. Мақсаты — қазыналы қарттарымызды құрметтеу, үлкенге ізеттілік таныту сонымен қатар оқу мәдениетін насихаттау болып табылады.