Жақында Түркістан қаласы, Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде жаратылыстану-математика цикл пәндері бойынша XVI Президенттік олимпиаданың өңірлік кезеңі өтті. Олимпиадаға 17 аудандық, қалалық білім беру бөлімдерінен 47, мамандандырылған білім беру ұйымдарынан 22 оқушы, жалпы 69 оқушы қатысты. Ал Түлкібас ауданының білім бөліміне қарасты білім беру ұйымдарынан 137 оқушы мектепішілік, аудандық кезеңге 42 оқушы, ал облыстық кезеңге жүлдегер атанған 3 оқушы қатысты. Олимпиаданың негізгі мақсат-міндеттері: орта білім беру ұйымдарының оқушылары арасында математика, физика, химия және биологиядан дарынды оқушыларды анықтау үшін кәсіптік бағдар мен болашақтағы интеллектуалдық дамуына қолайлы жағдай жасау; жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді оқытуда оқушылардың қызығушылығын арттыру, теориялық білімдері мен дағдыларын тереңдету; тұлғаның өзін-өзі жетілдіруіне және дамытуына жағдай жасау. Олимпиада қорытындысы бойынша облыстық кезеңге М.Ломоносов атындағы МГ-ның оқушысы Абдрахманова Айғаным І орынды, ал А.Асқаров атындағы ЖОМ оқушысы Купбай Әсел арнайы «Алғыс хат» иеленді.