Әлеумет М.Әуезов атындағы университетте әлемдік ғалымдар дәріс өткізеді Редактор 10.10.2023 12253 1 оқу мин М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде ақпараттық технологиялар, экономика және инновациялар саласындағы әлемнің үздік ғалымдары дәрістер сериясын өткізеді. Бұл туралы Астанада өткен «Nobel Fest: Цифрлық Апгрейд» халықаралық Нобель фестивалінде айтылды. Отандастарымызды білімге, ғылымға және инновацияға тартуды көздейтін фестивальді қазақстандық жоғары оқу орындарының арасынан ең алғаш болып Auezov University қолдады. Айта кететін жағдай, Auezov University Бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығының иегері, климат және тұрақты даму бойынша №1 сарапшы Рае Квон Чунг атындағы жаңа климаттық экономика орталығы ашылған болатын. Бұл – жасыл технологиялар және климаттық өзгерістердің ауыл шаруашылығына әсерін қысқарту қағидаттарында экономикалық дамудың жаңа моделін енгізу жөніндегі Орталық Азия мен ТМД-дағы алғашқы институт. «М. Әуезов атындағы ОҚУ жанынан ашылған бірегей орталық оңтүстік өңірдің тұрақты даму саясатында өзіндік зор ықпалын тигізіп отыр. Әсіресе, бұл бастама білім ордасының ғылыми-зерттеу университетіне ауысу барысында бизнес-ортамен интеграцияланған ғылымды дамытудың жаңа моделін құруға үлкен мүмкіндік беруде», — деді М. Әуезов атындағы ОҚУ ректоры Дария Қожамжарова. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Қазақстандықтардан 40 миллион теңге бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталды 1 оқу мин Әлеумет Қазақстандықтардан 40 миллион теңге бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталды 10.09.2026 5778 “Дубайға билет”: Ата-аналарды сан соқтырған ер адам ұсталды 1 оқу мин Әлеумет “Дубайға билет”: Ата-аналарды сан соқтырған ер адам ұсталды 10.09.2026 5685 Жол ортасында дрифт жасағаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылды 1 оқу мин Әлеумет Жол ортасында дрифт жасағаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылды 08.09.2026 6989