Азаттығымыздың айшықты айғағы болған Ата Заң Тәуелсіздіктің теңдессіз тартуы! «Тәуелсіз елдің мызғымас тұғырына айналған Ата Заң елдігіміздің киелі кітабы іспетті қастерлі құжат. Халықтың жүрегінен шыққан, заман сынына төтеп берген мемлекеттігіміздің темірқазығы» деп бекер айтылмаған. Осы орайда, бүгін Түркістан облысындағы Арыс қаласындағы №1 Е.Молдабаев атындағы мектеп- интернатының 7б сынып оқушыларымен жетекшісі Гүлнұр Ізтілеуова «Тәуелсіздіктің тірегі ата заң» тақырыбында тәрбие сағатын өтті. Мақсаты -азаматтың құқықтары мен бостандықтары туралы білімді қалыптастырып, білімі мен біліктілігі жоғары, талап-талғамы терең, өз құқығын қорғай білетін, тіл саясатын дамыту, мемлекет басқару құқығын дұрыс пайдалану мүмкіндіктерін үйрету болып табылады. Оқушылардың бойында Ата заңға деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру арқылы адамгершілігі мол, парасатты тұлғаны тәрбиелеу. «Конституцияны қатаң ұстану — бұл мемлекеттіліктің табысты дамуының және қоғамдағы азаматтық келісімнің негізі. Ол бойынша өмір сүру — бұл демократияның ең жоғарғы мектебі. Бұл мектептен барлығымыз өтуге тиіспіз. Біздің міндет — Конституцияға аса ұқыптылықпен қарау. Өзіміздің елімізді, өзіміздің тарихымызды, өзіміздің жетістіктерімізді қалай құрметтесек, оны да солай аялауымыз керек. Конституцияны сыйлай білмесек, оның талаптарын мүлтіксіз орындай алмасақ, онда қоғамдық келісімге, тәртіпке, бейбітшілікке және тыныштыққа жету мүмкін болмайды, яғни мұндай жағдайда Отанның ырыс-берекелі болашағы туралы айтудың да қажеті жоқ».