Түркістан облысындағы білім ошақтарында білім сапасын арттыру бағытында ауқымды шаралар ұйымдастырылуда. Ол үшін арнайы ашық сабақтар, пәндік олимпиадалар ұдайы ұйымдастырылып тұрады. Арыс қаласының Білім бөлімі мемлекттік мекемесінің Сағадат Нұрмағамбетов атындағы бастауыш мектеп коммуналдық мемлекет мекемесінің бастауыш сыныптар бірлестік жетекшісі А.Садыбаеваның ұйымдастыруымен 6 қазан күні 3-4 сынып оқушыларымен «Алтын сақа» мектепішілік математикалық олимпиадасы өтті. Шараның басты мақсаты — математика пәні бойынша қабілетті балаларды анықтау, олимпиада резервін қалыптастыру болып табылады. Математика пәні бойынша оқушылардың қызығушылығын қалыптастыру, ғылымға баулу, жеңімпаздарды анықтап, ынталандыру, оқушыларды математикалық ұғымдарды талдауға, сыни тұрғыда ойлауға, күрделі есептерді шешуге дағдыландыру, математика пәні мұғалімдерінің өзара тәжірибе алмасуына ықпал ету болып отыр. Олимпиадаға 3-4 сыныптардан 19 оқушы қатысып, нәтижесінде 3-сыныптардан 3 оқушы, 4-сыныптардан 3 оқушы аудандық кезеңге жолдама алды. Дарынды балалардың сыннан сүрінбей өтетіндігіне сенім мол.