Түркістан облысы Шардара ауданының білім бөлімінің «Ұзын-ата жалпы білім беретін мектеп» 11 қазан күні Өлкетану үйірме жетекшісі Қалдарова Ақнұр Қожа Ахмет Ясауидің туғанына 930 жылдығына орай оқушыларға «Қожа Ахмет Ясауидің хәл хикмет ілімі» атты сабақ өтті. Аталмыш сабақтың мақсаты — Ахмет Иасауи туралы түсінігін кеңейту, оқушыларға ойландыратын сауал бере отырып, пікірін тыңдау; Білімдік танымын, шығармашылық қабілетін, тілдік қорын, ізденістерін арттыру; Еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу болып табылады. Қожа Ахмет Йасауи – ақын, ойшыл, ұстаз, түркі жұртына имандылық нұрын шашқан діни ағартушы, сопылардың пірі (ұстазы). Йасауи Сайрам қаласында туып, Йасыда (Түркістан) тұрған, сондықтан әлемге Йасауи деген атпен танымал. Йасауидің әкесі — Шайхы Ибраһим сопылық жолды ұстаған діндар адам болыпты. Ахметтің анасы Қарашаш пен әкесі Ибраһимнің мазары — — Сайрамда. Ұстазы — Арыстанбаб (Арыстан баба) пен Йасауи жөнінде ел арасында көптеген аңыздар тараған. Онда: Мұхаммед пайғамбар Арыстанбабқа бір түйір кұрма беріп, оны Қожа Ахметке табыс етуін сұраған. Арыстанбаб сол құрманы ұртында 600 жыл сақтап жүріпті. Йасауи Арыстанбаб ұстазына деген зор құрметін өзінің «Хикметтер» («Диуани хикмет») кітабында баяндайды. Оқушылар Ясауи бабаның өмір жолы туралы хикметтерге қанықты. Ол туралы жазылған кітаптарды оқуға құлшыныс танытты. ҚББП. Н.Ерназарова