Түркістан облысына қарасты Жетісай ауданының жас ұстазы «Ұстаз аты мәңгілік, жадымда қалар жаңғырып» атты облыстық байқауда “Ұлағатты ұстаз” номинациясын иеленді. Түркістан облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен, Мұғалімдер күніне орай аудан, қаланың жас мұғалімдері арасында, ұстаздың адам өмірінде орасан зор орын алатындығын, ұстаздарды қадірлеу, сыйлау, құрметтеу керектігін жастар бойына сіңіру мақсатында өткен «Ұстаз аты мәңгілік, жадымда қалар жаңғырып» атты байқау өз мәресіне жетті. Жеңімпаздарды Түркістан облыстық “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің басшысы Ернар Бектаев Нұралыұлы арнайы диплом мен бағалы сыйлықтармен марапаттады. Аталған сайысқа Жетісай ауданынан Б. Момышұлы мектеп-гимназиясының жас мұғалімі Әбдірәсіл Назерке бағын сынап, “Ұлағатты ұстаз” номинациясымен марапатталып, ынталандыру сыйлығына ие болды. Әбдірәсіл Назерке Үсенбекқызы 29.04.1996 жылы Шардара ауданы, Шардара қаласында туылған. Еңбек жолын 2020 жылы Б. Момышұлы атындағы №6 мектеп -гимназиясына мектеп алды даярлық сыныбының тәрбиешісі лауазымымен бастаған. Қазіргі таңда білім ошағында жемісті еңбек етуде.