Бүгінгі күні мемлекетіміз дамыған қуатты мемлекеттермен тең болу үшін жас ұрпақтың тәрбиесі мен білім-білігін дұрыс жолға қою жолында білім саласына үлкен өзгерістер енгізіп, педагогтардың кәсіби деңгейі мен біліктілігін үздіксіз жетілдіруді жүзеге асыруда. Шығармашыл мұғалім – рухани дамыған әрі әлеуметтік тұрғыдан есейген, педагогикалық құралдардың барлық түрлерін шебер меңгерген білікті маман, өзін-өзі әрдайым жетілдіруге ұмтылатын шығармашыл тұлға. Ол жоғары білімді шығармашыл тұлғаны қалыптастырып, дамыту үшін жауапты Ертеңгі күннің бүгінгі күннен асып түсуіне ықпал етіп, адамзат қоғамын алға қарай жетелеуші құдіретті күш ол – білім. Білім беру – оқытудың, тәрбие мен дамытудың үздіксіз процесі. Білімді түрлендіруде, білім беру процесін реформалауда зерттеуші мұғалім мен көшбасшы мұғалім шығармашыл мұғалім ретінде орталық тұлға болып табылады. Сондықтан да оқушыларға сапалы білім беру күн тәртібінде тұр. Осыған оай Түркістан облысына қарасты Арыс қаласының білім бөліміне қарасты №1 Е.Молдабаев атындағы мектеп интернатында көпжылдық тәжірибесі бар ұлағатты ұстаздар, пән мұғалімдері және бірлестік жетекшілерінің қатысуымен «Шығармашыл ұстаз — білім мен тәрбиенің бұлағы» тақырыбында шебер сынып өтті. Мақсат — балаларды білімге қызықтыра отырып, болашағын жоспарлауға көмектесіп, нарық заманында белгілі бір кәсіпке бағдарлап, бағыттау. Ұстаздық жолында еліміздің болашағына үлес қосып, сапалы білім, саналы тәрбие алған шәкірт бойындағы табиғи дарынына қанат бітіру, оқушының жан дүниесін түсініп, өнерге баулу. Шебер сынып барысында мұғалімдер тақырып бойынша презентация қорғап, өз тәжірибелерімен бөлісті.