Бүгінде мектеп оқушыларына сапалы білім беруден бөлек оларға тәрбие беру мен тіпті діни көзқарасы да киген киімін дейін назарда болуы тиіс. Осыған орай мектеп оқушыларымен теріс пиғылды діни ағымдардың алдын-алу, мектеп формасын сақтау туралы кездесу өтті. Түркістан облысы, Ордабасы ауданының «Ордабасы», «Ұлағат», «Болашақ», «Ақбұлақ» жалпы орта мектептерінде 2023 жылдың 12 қазаны күні жасөспірімдер мен жастар арасында дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету, діни экстремизмнің, теріс пиғылды діни ағымдардың алдын-алуға бағытталған кездесу ұйымдастырылды. Бұл кездесуге Түркістан облысы дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің бөлім басшысы, дінтанушы теолог маман Қайрат Құралтайұлы Салықбаев, Ордабасы ауданының теолог маманы Айдос Абылайханұлы Керімбаев, ішкі саясат бөлімінң бас маманы Ержан Шарапов және аудандық білім бөлімінің әдіскері Ұлтусын Құлбекқызы Мұратбек қатысып, мектеп оқушыларына түрлі кері діни ағымдардан сақтану жолдары, хақ дін Ислам дінінің құндылықтары жайлы, ата-ананы сыйлау, отбасы мүшелерін, ұстаздарды құрметтеу туралы насихаттар айтылды. Мектеп формасы жайында мағлұматтар беріп өтті. Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 26 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 534 бұйрығының 8 тармағындағы ұлдардың мектеп формасы — пиджак, жилет, шалбар, мерекелік жейде, күнделікті жейде, не түймелері бар немесе сыдырмалы тоқылған күрте/кардиган, поло жейде немесе тенниска (қысқы мезгілде: трикотаж жилет, водолазка). Ұлдарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұратыны, 9 тармағындағы қыздардың мектеп формасы- пиджак, жилет, юбка, шалбар, классикалық жейде, не түймелері бар немесе сыдырмалы тоқылған күрте/кардиган, поло жейде немесе тенниска (қысқы уақытта: трикотаж жилет, сарафан, водолазка). Қыздарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұратыны еске түсірілді. Кездесу барысында оқушылар көкейіндегі сұрақтарды қойып, тұщымды мағлұматтар алды. Мамандар тақырыпқа байланысты бейнероликтер көрсетіп, теріс ағымдағы уағыз таратушылар туралы мәліметтер берді. Еліміздегі және шет мемлекеттердегі діни оқу орындары туралы бейнероликтер көрсетіп, теріс пиғылды діни ағымдардың алдауына түсіп қалмау туралы түсіндірді.