Түркістан облысы Ордабасы ауданының білім бөлімінің ұйымдастыруымен әдістемелік кабинетінің жоспарына сәйкес, 2023 жылғы 12 қазан күні білім беру мекемелерінің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары мен сынып жетекшілерге «Тәрбие сағатында мақсаттарға қол жеткізу әдіс-тәсілдері» тақырыбында бөлім әдіскері Ұ.Мұратбек әдістемелік көмек ұйымдастырды. Қазіргі жастардың бойында ұлттық құндылықтар негізінде ұлттық сананы қалыптастырудың маңыздылығы – бүгінгі күнгі өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Әдістемелік көмек кезінде «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында бүгінгі күні өзекті болып отырған «Жеткіншектің жеті жарғысы», «Еңбегі адал жас өркен», «Оқуға құштар әке, ана, бала, ұстаз» және «Даналық мектебі» клубының «Ата өсиеті», «Әже даналығы», «Аға қамқорлығы», «Жеңге кеңесі» секцияларын іске асыру жолдары, тиімділігі туралы таныстырылды. Бағдарлама бойынша жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде адал азаматты тәрбиелеуді көздей отырып, тәрбие саласы бойынша педагогикалық кәсіби шеберлігін арттыруға бағытталған озық инновациялық жұмыстарды іс-тәжірибеде қолдану, шығармашылықпен жұмыс жасау, кәсіби шыңдалуына ықпал ету жұмыстары және тәрбиелік іс-шараларда, тәрбие сағаттарында әдіс-тәсілдерді ұтымды пайдалану жолдары таныстырылды. Арнайы дайындалған бір ашық тәрбие сағатының әзірлемесі бойынша бейне түсірілім көрсетілді. Сонымен қатар, қатысушы сынып жетекшілермен бірнеше әдіс-тәсілдер қолдана отырып шеберлік сабағы өткізілді.