Әлеумет Мамандық таңдау бойынша бағдар берді Редактор 12.10.2023 17985 1 оқу мин Бүгін Түркістан облысы «Білім беруді дамыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен BOLASHAQ» «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамы және Жоғары оқу орындарынын өкілдерімен бірге «Өскенде кім боласың?» кәсіби бағдар беру айдары аясында мамандықты таңдауға көмектесу жобасы онлайн форматта болып өтті. Бұл бас қосудың мақсаты әрбір оқушының қабілеттілігі мен бейімділігін ескере отырып, кәсіптік қызығуын қалыптастыруға және мамандық таңдауға көмектесу болды. Тікелей эфирде өтілген бұл жобаның спикерлері «BOLASHAQ» халықаралық бағдарламасының түлектері болды. Бірінші сөз алған Қожабек Әсемгүл Бауыржанқызы қазіргі уақытта сұранысқа ие ең тапшы мамандықтар туралы, оларды оқытатын университеттер туралы кеңінен таныстырып, сұрақ-жауап айдарындағы мектептің бітіруші оқушыларына қызықты мағлұматтар бере отырып жауап берді. Спикер Баймуратова Айгерим Бердибайқызы өзінің жақсы көретін саласы IT мамандықтар туралы толық ақпарат беріп қатысушылармен кері байланыс жасап, ашық пікір алмасып түлектер мен ата-аналар өзерінің қызықтыратын сұрақтарына жауап алды. «Өскенде кім боласың?» жобасының ұйымдастырушысы ББД орталығының инновация және стратегия кафедрасының әдіскері Байдарбекова Эльмира Садуовнаға мектеп бітіруші түлектерге мамандық таңдауға жан- жақты ақыл кеңес, бағыт бағдар беру жолында осындай қызықты жобаларды ұсына беруіне тілектестік білдіреміз. Жетісай ауданының білім бөліміне қарасты №11 «Жеңіс» мектеп-гимназиясының директордың бейіндік оқыту және инновация ісі орынбасары Мырзагелдиева Маржан Кудайбергеновна Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ШЫМКЕНТТЕ МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМА АЯСЫНДА 30 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ 1 оқу мин Әлеумет ШЫМКЕНТТЕ МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМА АЯСЫНДА 30 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ 02.04.2026 3608 ТҮЛКІБАСТА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА 40-ТАН АСТАМ БҰЛАҚ КӨЗІ АШЫЛДЫ 1 оқу мин Әлеумет ТҮЛКІБАСТА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА 40-ТАН АСТАМ БҰЛАҚ КӨЗІ АШЫЛДЫ 26.03.2026 9774 Шымкентте наурыз мерекесі аясында «DamDastour» халықаралық гастрономиялық фестивалі өтті 1 оқу мин Әлеумет Шымкентте наурыз мерекесі аясында «DamDastour» халықаралық гастрономиялық фестивалі өтті 21.03.2026 12028