Түркістан облысына қарасты Ордабасы аудандық мәдениет, тілдерді дамыту дене шындықтыру және спорт бөлімі, Тілдерді оқыту және дамыту орталығының оқытушыларының ұйымдастыруымен «Үш тұғырлы тілдің болашағы жарқын!»тақырыбында аудан жастарыны арасына сайыс сабақ өтілді. Сабақтың мақсаты – тіл саясатын дамыту, тіл мәдениетін көтеру, тілге деген сүйіспеншілікті арттыру ,тіл туралы білімдерін жетілдіру сондай -ақ , өзіндік ой пікірін жүйелі айта білуге баулу, ана тілін біліп, өзге тілдерді құрметтеуге шақыру . Оқушылармен үш тілде амандасып басқа тілдерде сәлемдесу түрлерімен таныстырылды. Әлемдегі 5 атақты полиглоттар туралы түсінік берілді. Сайыс үш кезеңнен тұрды. I кезең «Тіл өнері» жұмбақты шешіп, жауабын үш тілде айту. II кезең «Жорға» үш тілде еркін тақырыпта жатқа өлең оқу III кезең «Шешендік өнер» қазақ тілінде мақал мәтелдер айту, орыс тілінде құттықтау тілек айту, ағылшын тілінде мәтін оқып, қазақшаға аудару. Оқушылар тапсырмаларды қызыға орындады. Белсенділік танытты. Үздік қатысқаны үшін тілдер орталығының директорынан алғыс хатпен марапатталды. Сый-құрмет көрсетілді . Бұдан бөлек, Ордабасы аудандық тілдерді оқыту және дамыту орталығының ағылшын тілі курсының оқытушысы А. Жетимекованың ерікті тыңлаушыларымен кезекті сабағын өткізді. Содан соң Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Тілдерді оқыту және дамыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі тіл үйренуге ниеті бар аудан тұрғындарын қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілін оқу бойынша тегін курсқа шақырады. Офлайн форматта ұйымдастырылып жатқан оқу курстарын тәмамдаған соң курс қатысушыларына арнайы сертификаттар беріледі. Орталықта тілді меңгеруге барлық жағдай жасалған. Осыған орай, бүгін орталық қызметкерлері үш тілділік бойынша курсқа ниет білдірген тыңдаушыларға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, арнайы үнпарақшалар тарқатты.