Бүгін Түркістан облысына қарасты Отырар аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Тілдерді оқыту және дамыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қазақ тілі маманы Шаяхметов Ерғазы «Келдібек-Ата» балабақшасы қызметкерлерімен «Қызметтік хаттар» тақырыбында сабақ өтті. Сабақтың асты мақсаты — тыңдаушыларға қызметтік хаттар түрлерін ажырата білу, хат жазуға машықтану, құжатпен жұмыс істей алуға үйрету мақсатында өткізілді. Сабақ барысында мұғалім тақырыпқа байланысты тыңдаушыларға қызметтік хаттар түрлері бойынша түрлі тапсырмалар беріп, сабақты қортындылады. Бұдай кейін, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Тілдерді оқыту және дамыту орталығы» КММ-нің ағылшын тілі маманы Сыздықова Жазира «№9 Өрт сөндіру бөлімі» қызметкерлерімен «Time and Numerals» тақырыбында сабақ өтті. Мақсаты — тыңдаушыларға уақыт және сан есім туралы мағлұмат беру, уақытты сұрау және дұрыс қолдана білуге үйрету,сан есімдердің есептік және реттік түрлеріне тоқталып өтті. Өтілген жаңа тақырыпқа байланысты тыңдаушыларға қосымша тапсырмалар беріліп, сабақты қортындылады. Бұдан бөлек, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Тілдерді оқыту және дамыту орталығы» КММ-нің тіл мамандары аудан тұрғындарының қазақ, орыс, ағылшын тілдерін меңгеру деңгейін анықтау мақсатында сауалнама жүргізді. ІІІ тоқсан қорытындысы бойынша 100-ге жуық аудан тұрғындарынан сауалнама алынып, мемлекеттік тіліміз қазақ тілінің мәртебесі биік екендігі айқын басымдық берді.