Түркістан облысына қарасты Жетісай ауданындағы Тұран мектебінде 9.10.2023-13.10.2023ж күні жағымды жаңалықтарға толы іс-шаралар өтті. 9.10.2023 күні Жетісай ауданы білім бөлімінің іс-жоспарына және мектептің іс-жоспарына сәйкес Қазақтың күйімен қоңырау соғылған «Жастар» апталығының ашылуы өтті. Осы «Жастар» апталығы аясында информатика пәні мұғалімі А.Қарсақбаева » Жас Мобилографтар» жарысын өтті. Бүгінгі күні ең қызықты әрі сұранысқа ие мамандықтың қыры мен сырына қанығуға оқушылар қызығушылық танытты. Бүгінгі күні мобилография саласында қандай талаптар бар оқушылар осы жөнінде көптеген сауалдарын қойып, тұщымды жауаптарын алды. Ал келесі күні яғни, 10.10.2023ж күні география пәні мұғалімі Надиров Нұрсұлтанның Халықаралық деңгейде мақаласы Дания мемлекетінде жарияланды. Шалғай шеттегі аудандық мектеп мұғалімінің мақаласы шетел баспасөзінде жариялануы бұл ерекше жаңалық екендігі аян. Мектеп ұстаздары мен оқушылары білікті ұстазды мерейлі мақтанышымен құттықтады. Бұдан кейін «Жастар» апталығы аясында Исабеков Берік пен Қадірқұл Гүлзада ұйымдастыруымен «Ой-дода» интеллектуалды сайысы өтті. Бүгінгі оқушы бұрынғы оқушылармен салыстыруға келмейді. Олардың ойы ұшқыр, еркін, айтар ойын еркін жеткізеді. Әрі инттелектуалдық деңгейі де өте жоғары. Аталмыш сайыста түрлі сауалдардарға жылдам әрі нақты жауап беріп отырды. Әрі жоғары нәтиже көрсетті. Осы «Жастар» апталығы аясында информатика пәні мұғалімі Актаев Мухтар «Robofutbooll» сайысын өтті. Заманауи сайыс өте қызықты өтті. Директордың бейіндік ісі жөніндегі орынбасары Т.Аралбаев мұғалімдерге Жаңа аттестацияның ережесімен таныстырды. Жаңа жылдан бастап өзгерістер енгізілетін аттестацияның ұңғыл шұңғыл жаңалықтарын барынша еркін жеткізді. Жетісай ауданы білім бөлімінің басшысы Г.Шукурбаеваның басшылығымен мектеп оқушыларына Қ.Жандарбеков атындағы драма театрында «Тастамашы Анашым» қойылымы қойылды. Рухани кеш барысында оқушылар қойылымнан кейін алған әсерлерімен бөлісті. «Жастар» апталығы аясында химия пәні мұғалімі 10-11сынып оқушыларына Лабораториялық жұмыстар көрсетті. Республикалық педагогтер сьезіне қатысқан Ұлжан Кеттешқызы жас мұғалімдерге мастеркласс көрсетті. Білімді де білікті ұстаз өзінің тәжірибесін жан жақты ашып көрсетті. Алдағы уақытта осы бағытта ашық сабақтар ұйымдастыратынын да жеткізді. 11.10.2023ж күні «Жастар» апталығы аясында математика пәні мұғалімі А.Мырзатаева 5 сыныптармен «Жас математиктер» сайысын ұйымдастырды. Оқушылар өздерінің қабілет қарымын барынша көрсетті. Түрлі есептерді барынша жылдам шешіп, сайыста озып шықты. 12.10.2023ж күні «Жастар» апталығы аясында мектептің әлеуметтік педагогы С.Конырбаева 5-11 сынып оқушыларымен «Күзгі жәрмеңке» өтті. Оқушылар алтын күздің кереметін айшықтады. Түрлі жемістерден әдіемі кәрзеке жасап, түрлі безендірулер жасап, оқушылар назарына ұсынды. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Зияханов 8-11сыныптың сынып жетекшілерімен жиналыс өтті. «Жастар» аптылығы аясында бастауыш сынып пәні мұғалімі А.Айшыхан және Қадірқұл Гүлзада 3сыныптармен «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» сайысын өтті. «Жастар» апталығы аясында Жас ақын Надиров Нұрсұлтанның әдеби сазды кеші өтілді. С.Кенжебекова 11 сынып оқушыларына Кәсіби бағдар бойынша жұмыстар жүргізді. Көркем еңбек пәні мұғалімі А.Орынбасарова «Саз балшықпен жұмыс жасаудың критерилері» тақырыбында мастеркласс көрсетті. Бұдан кейін Қайырымдылық асыл қасиет тақырыбында Б.Жұманазаров, М.Абилашимұлы, Т.Сманқан қайырымдылық көрсетті. ОҚУVISION жобасы аясында Раманова Күнсұлу апайдың оқушысы баяндама жасады. Жетісай ауданы білім бөлімінің басшысы Г.Шкурбаеваның басшылығымен «Біз біргеміз» жобасы аясында ерекше білім беруді қажет ететін оқушылар арасында фестиваль өтілді. 13.10.2023ж күні «Жастар» апталығы аясында М.Әбдіқаш 7 сыныптармен «Ғажайып биология» сайысын өтті. «Жастар» апталығы аясында Математика пәні мұғалімі Жақып Мақсат пен Венераның ұйымдастыруымен «AQIL BATTLE» сайысын ұйымдастырды.Рашева Мөлдір мен Тұрдалы Аманның ұйымдастыруымен «Полиглот» сайысы ұйымдастырылды. математика пәні мұғалімдері 7-11сынып оқушыларына олимпиада өтілді. 13.10.2023ж күні «Жастар» апталығының жабылуы өтті. Мектепте аталмыш апталық өте керемет ұйымдастырылды. Алдағы уақытта бұдан да қызықты апталықтар жалғасын табатын болады.