Түркістан облысына қарасты Созақ ауданындағы Ыбырай Алтынсарин атындағы мектебінде бүгін “Тәжірибелі ұстаздан тәлім” атты мектепішілік семинарда қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші ұстаз С.Даулеталиева 7”А” сыныбына қазақ әдебиеті сабағынан “Жиембет жырау. Басты мақсаты оқу мәдениетін насихаттау, балалардың қазақ әдебиетіне деген қызығушылығын арттыру болу табылады. Еңсегей бойлы ер Есім” атты ашық сабақ өтті. Сабақ барысында ынтымақтастық атмосферасы құрылып, “Додекадр” әдісі арқылы үй жұмысы сұралды. Оқушылар ұтымды жауап беріп, ”Домбыра” арқылы бағалау парағымен бағаланып отырды. Жаңа сабақта мұғалімнің қолданған әдәс-тәсілдері өте тиімді болды. Оқушылар бейнебаян көріп, ”Түртіп алу” стратегиясы арқылы негізгі ойды анықтап, аша білді. Ашық сабақта жеке жұмыс,жұптық жұмыс жүзеге асырылса, топтық жұмыста қолданылған “Аквариум”, “Кубик”, “Білім қаламсабы”, “Бес жолды өлең”, “Ақын болып жырласам”, ”Фонарик” әдістері арқылы оқушылардың әдебиетке деген қызығушылығының жоғары екені анықталды. “Spinner whell” программасы арқылы қойылған сұрақтарға оқушылар жоғары деңгейде жауап берді. Сабақ мақсатына жетіп, ұстаздар тарапынан ризашылық тілектер айтылды.