Түркістан облысына қарасты Қазығұрт ауданының білім бөлімінің «Жамбыл атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарының жоспарына сәйкес 13.10.2023 ж. күні математика пәнінің мұғалімі Мұсабекова Ұлжалғас апайдың 5 «а» сыныбындағы «Жай бөлшектердің негізгі қасиеті » тақырыбында ашық сабағы өтілді. Сабақ жоспары оқу мақсатына сәйкес жоспарланған. Ұйымдастыру кезеңінде «Flippity» программасы арқылы білім алушыларды топтарға бөледі. Сабақтың көрнекілік, тапсырмалары презентация слайд арқылы жақсы жасалынған. Білім сапасын арттыру мақсатында білім алушыларға еркін дамуына басымдық бере отырып, оқыту мен тәрбиелеудегі құндылыққа бағытталған «Зымыран сұрақтар», «Кім зерек», «Кестеде болса, есте сақта» белсенді әдістер мен тәсілдер оқу процесінің тиімділігін арттырды. Мұғалім оқушыларға жұптық жұмыс ретінде ұсынған «Тарсия» әдісі арқылы тапсырмада берілген қағаздарды бірдей бірнеше бөліктерге бөліп, олардың белгілі бөлігін, бөліктің мәнін табу арқылы сабақты өмірмен байланыстыра алды. Оқушылардың сабаққа қызығушылығы сабақ барысындағы белсенділігімен көрінді. Оқушылар бірін-бірі», «Бір жұлдыз, бір тілек», «Бағдаршам» әдістерімен бағалап, мұғалім тарапынан дер кезінде кері байланыс беріліп отырды. Сабақ соңында оқушылар «Тик ток» әдісімен сабақтан алған әсерімен бөлісті. Ұлжалғас апайға әріптестер тарапынан жетістіктері мен ұсыныстар айтылып, жұмысына шығармашылық табыстар тіледі.