Түркістан облысының білім басқармасының 5.10.2023жылғы №40-01-04/7357хатына сәйкес, «IQANAT» білім қоры» қоғамдық қорының арасындағы 2017 жылғы 14 шілдедегі өзара ынтымақтастық туралы Меморандумы негізінде «IQANAT» білім қоры» қоғамдық қорының 2023 жылғы 25 қыркүйектегі №335 бұйрығы негізінде ауыл мектептері оқушыларының Қазақстан және шетелдік алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарына түсу гранттарының иегері атану мүмкіндігіне қолдау көрсету мақсатында, Ордабасы ауданы бойынша 1056 оқушы олимпиаданың 1 кезеңіне қатысты. Олимпиаданың негізгі мақсаттары мен міндеттері: Қабілетті оқушыларды анықтау және қолдау, ауыл оқушыларының шығармашылық, танымдық, зияткерлік бастамаларын жандандыру; -оқушылардың жалпы білім беру пәндерін оқуға қызығушылығын қалыптастыру; -оқушылар арасында тікелей байланыспен тәжірибе алмасуға жағдай жасау. Олимпиада жеңімпаздарына жоғары оқу орындарына түсуге үлкен жеңілдіктер қарастырылған. Түлектерді ҰБТ және IELTS емтихандарына тегін даярлайды.Iqanat олимпиадасында топ жарғандарға отандық және шетелдік жоғары оқу орындарында тегін оқу мүмкіндігі беріледі. «Олимпиада жеңімпаздарын не күтіп тұр?» деген сұраққа тоқталар болсақ, әрине, олар арнайы жолдамамен республикалық кезеңде бақ сынауға мүмкіндік алады. Сондықтан да қатысушылар білім деңгейін барынша көрсетуге тырысып бақты. Атап айтсақ Қажымұқан, Қараспан аймағы бойынша Амангелді Иманов атындағы жалпы орта мектебінің базасында 281 оқушы, Шұбар, Шұбарсу аймағы бойынша «Достық» жалпы орта мектекбінің базасында 397 оқушы, Төрткүл аймағы бойынша «Төрткүл» жалпы орта мектебінің базасында 209 оқушы, Бадам,Бөржар аймағы бойынша А.Шерімқұлов атындағы жалпы орта мектебінің базасында 169 оқушы қатысты. «IQanat» олимпиадасы шынында да ауылдық жерлерде оқитын оқушылардың білім сайысын көтеруге арналған. Оқу үлгеріміне қарамастан, білім сынына оқушылардың бәрі бір кісідей қатыса алды. Алайда, ақтық сынға өз білімдерін сынақ кезінде дәлелдеп шыққандар ғана өтеді.