Түркістан облысы Білім басқармасына қарасты Ғ. Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжі бүгінде білім сапасын дамыту бағытында көптеген жұмыстары атқарып келеді. Ол үшін студенттер арасында білім білігін дамыту үшін түрлі іс-шаралар, байқаулар ұйымдастырылып тұрады. Жуырда аталмыш оқу ордасында «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығы бойынша білім-тәжірибе-іскерлік орталығының ұйымдастыруымен «Мамандығым – мақтанышым!» тақырыбында байқау өтті. Байқаудың мақсаты — білім алушыларды мамандыққа бейімдей отырып, шығармашылық қабілеттерін жетілдіру; Студенттердің функционалдық сауаттылығы мен мамандық мәртебесін арттыру; — Ұжымдық қарым- қатынасқа психологиялық бейімдеу, өзара тәжірбие алмасу; — қазіргі заманғы озық технологияны іс-әрекет түрлерінде қолдана отырып, баланың жан-жақты қабілетін, толыққанды дамуына қолдау көрсете білетін, білікті де, білімді, дарынды, шығармашыл білім алушыларды анықтау. Байқауға әділ-қазылық ету үшін «Ару-Бота» балабақшасының тәрбиешісі Багашева Гүлжаухар Апсадыковна мен «Балтабай-Ұлман» балабақшасының тәрбиешісі Сыздыкова Сапаргүл Оразалиевна, облыстық «Үздік тәрбиеші-2023» байқауының жүлдегері Жұбай Зарина Құралқызы шақырылды. Байқауға «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығының І-ІІ курс студенттері қатысты. Байқау қорытындысы бойынша МДТ 23-9 тобының студенті Мұратбай Әлия Ержанқызы «Дарынды тәрбиеші», МДТ 23-1 тобы Тұрсынова Диана Нұрланқызы «Білімді тәрбиеші», МДТ 23-1 тобы Бегжан Ұлдар Бегжанқызы «Зерек тәрбиеші», МДТ 22-9/1 тобының студенті Әбілда Жайна «Жаңашыл тәрбиеші» номинацияларымен марапатталды.