Түркістан жоғарғы көпсалалы, аграрлық колледжінің оқытушы-ғалымдары қазақстандық ғылымды дамытуға өзіндік үлестерін қосып келеді. Күні кеше аталмыш оқу ордасында бюджеттік бағдарлама аясындағы инновациялық жобаның қорытындысы бойынша семинар өтті «DALA-FRUIT.KZ» ЖШС негізін қалаушы Болатбек Нажмиддинұлының басшылығымен Түркістан жоғарғы көпсалалы, аграрлық колледжі педагог құрамындағы ғалымдар 2023 жылы 255 019 «Инновациялық тәжірибені енгізу және тарату жөніндегі іс-шараларды өткізу» жөніндегі облыстық бюджеттік бағдарлама аясындағы «Түркістан облысында жеңіл тұздалған топырақ жағдайында қорүнемдеу технологиясы бойынша түйе жоңышқаның репродукциялық тұқымдарын өндіруді еңгізу» тақырыбындағы инновациялық жобасы бойынша Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, «Төрткөл» а/о, «Көкарал» ауылында орналасқан «Төрехан» шаруа қожалығында іс-шараларды жүргізді. Ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері бойынша, Түркістан облысының жеңіл тұздалған танаптарында суармалы егіншілік жүйесінде түйе жоңышқаның репродукциялық тұқымын өндірудің қорүнемдеу агротехнологиялық жүйесі, түйе жоңышқа дақылын өсіру кезінде тікелей шығын мөлшерін азайтып өсірудің тиімді агротехнологиясы еңгізілді. Енгізу бойынша атқарылған жұмыстар 2023 жылға арналған инновациялық жобаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес жүргізілді. Барлық жұмыстар орындау кестесіне сәйкес мерзімде орындалды. 2023 жылдың 11 қазан күні Түркістан жоғары көпсалалы, аграрлық колледжінің оқу өндірістік базасында, жоба аясында жүргізілген жұмыстардың қорытынды семинары өткізілді. Семинарға Түркістан облысы ауылшаруашылық басқармасынан «Мал шаруашылығы және қайта өңдеу» бөлімінің бас маманы Даулетов Мұсахан Алмаханұлы және «Бюджеттік жоспарлау және талдау» бөлімінің бас маманы Мамыраева Айсулу, облысқа қарасты аудандардың ауылшаруашылық басқармаларының басшылары, мамандары мен дихандары қатысты. Жиын барысында семинарға қатысушылар облыстың жеңіл тұздалған топырақтарында суармалы жағдайында түйе жоңышқаны егіп, мол өнімге қол жеткізуге болатындығын тілге тиек етіп, сенімгерлік мекеме, колледж басшылары мен ғалымдарына алғыстарын айта отырып, өздерінің оң пікірлерін білдірді.