Түркістан облысының білім басқармасының «Төрт тоқсан — төрт өнер» ұлттық мәдени-ағартушылық жобасының тұжырымдамасы негізінде «Ақындар айтысы» бағыты бойынша, Мақтаарал ауданының білім бөлімінің «Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Орталықішілік үйірме мүшелерімен айтыскер ақын, қаламгер ұстаз Мұхтар Құраловпен кездесу өтті. Кездесу кешінің мақсаты ақын ардагердің жолын оқушыларға үлгі ету, айтыс өнерін ұлттық құндылығымыз, оқу мәдениетін насихаттау, шешендік өнердің баға жетпес мұрасы ретінде дәріптеу болып табылады. Қазақ поэзиясында өзіндік орны бар, Мұхтар Құраловтың өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұмат бере отырып, поэзиясының халыққа кең таралуының мәні және оның өміршеңдігінің сыры неде екенін сезіндіру, әрбір шығармашылығының музыкасымен үндесу ерекшелігін, ақынның сөзіне жазылған әндері көпшілік назарына ұсыну. Адамгершілік, рухани қасиеттерді оқушылар бойына сіңіру, отансүйгіштік сезімдерін шыңдау, оқушылардың кітап оқу арқылы поэзияға деген сүйіспеншілігін арттыру, шығармашыл оқушыларды поэзия шыңына жетелеу, ақынның шығармаларын насихаттау. Басқосуда ақын жастарға бірнеше өлеңін тарту етсе, оның шығармашылығымен етене таныс оқушылар жырдан шашу шашты. Ақын сазгер атасына олардың қояр сұрақтары да көп болды. Балалық, жақ алғашқы өнер жолы жырларының тақырыбы тағы басқа сұрақтарына тұшымды жауап алды. Кездесу барысында айтыскер ақын ағамызға жас буын бірнеше сұрақтар қойып, сыр-сұхбат құрып және ақынның шығармашылығынан «Өмір туралы», «Ақын туралы» өлеңдерін мәнерлеп жатқа айтты. Поэзия әлеміне бір сәт еніп, оқушылар ерекше көңіл-күйге бөленді. Адамгершілік, рухани қасиеттерді оқушылар бойына сіңіру, отансүйгіштік сезімдерін шыңдау, оқушылардың кітап оқу арқылы поэзияға деген сүйіспеншілігін арттыру, шығармашыл оқушыларды жетелеу, кейіпкердің шығармаларын насихаттау шараның басты мақсаты болды.