Түркістан облысына қарасты Мақтаарал ауданындағы №14 «Жас алаш» жалпы білім беретін мектеп «коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 13 қазан күні кітапхана апталығында «Бабалар сөзі-даналық көзі» атты тақырыпта сабақтан тыс «Шешендік сөздерді жатқа айту» іс-шарасы болып өтті. Іс шараның негізгі мақсаты — оқушылардың танымдық қабілетін арттыру, оқу мәдениетін насихаттау, шебер сөйлеуге, ойын көркем жеткізуге үйрету болып табылады. Жалпы алғанда бүгінгі іс шараны кітапхана меңгерушісі Алибекова Айымгүл Сандыбайқызы «Кітап-ең керемет ғажайып зат. Кітапты оқыған сайын керемет ғажайып құбылыстарға тап боласыңдар. Көз алдарыңызға әр түрлі оқиғалар елестейді. Жер бетінде кітаптан қызық нәрсе жоқ» деп керемет ойларымен сөзін қорытындылады. Алдағы уақытта аталмыш бағыттағы іс шаралар жалғасын табатын болады. Сондай-ақ, аталмыш мектепте яғни, №14 Жас алаш жалпы білім беретін мектеп»коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 12 қазан «Жастар орталығынан» келген қонақ Шәмшиев Бөгенбай мен мектептің қосымша педагогтері Зарипова Мақсуда, Срымова Гаухар апайлардың ұйымдастыруыменен, оқушылар мен ұстаздар арасында «Ұстаз-қоғам айнасы» тақырыбында дебат, пікірсайыс өткізді. Пікірсайыс өте тартысты өтті. «Алаш», пен «Мәңгілік ел» тобы орыс тілінде өз пікірлерін білдірді. Ал «Ұстаз» тобы мен «Намыс» тобы өз ойлары мен пікірлерін қазақ тілінде қорғап шықты. Өте жоғарғы деңгейде тартымды, тартысты пікірталас болды, оқушылар мен ұстаздар бүгінгі тақырыпты кеңінен ашып, қорытынды шығара білді.