Әлеумет Ерекше білімді қажет ететін балалардан құралған топ ашылған Редактор 15.10.2023 8373 1 оқу мин Түркістан облысына қарасты Төлеби ауданындағы №8- колледжде 2023-2024 жаңа оқу жылына инклюзия яғни, ерекше білімді қажет ететін балалардан құралған топ ашылған. Қазіргі таңда №28 топ «Құрылыс- әрлеу жұмыстарының шебері» біліктілігі бойынша 8 білім алушы білім алып жатыр. Сондай-ақ 2-курста оқитын ата- ананың қамқорлығынсыз қалған балалар колледж жатақханасында жатып білім алуда. Аталмыш оқу ордасында білім саласын дамытудан бөлек жастардың бос уақытын тиімді пайдалану, рухани өсіп даму үшін барынша жағдай жасалуда. Жуырда жатақхана тәрбиешісі Г. Смаилова жетекшілік етіп, ерекше білімді қажет ететін балалардың көңілдерін аулау мақсатында киелі Түркістан қаласына зиярат етіп барып қайтты. Күн санап көркейіп жатқан Түркістан облысындағы «Керуен Сарай»,«Қожа Ахмет Ияссауи» бабамыздың кесенелерін аралап ерекше әсер алған балалардың қуанышында шек болмады. Қолдау білдірген колледж басшысы Н. А. Калиеваға алғысымызды білдірді. Демеушілік еткен Ақылбек Мәлік балалардың барып қайтуы және ас-ауқатына қаржы бөліп көмегін көрсетіп, балаларды назарынан тыс қалдырмай бірге тамақтанып, ағалық қамқорлығын көрсетті. Білім алушылар дән ришалығын білдіріп, көңіл-күйлері көтеріңкі болып қайтты. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ӘЛЕУМЕТТІК КӘСІПКЕРЛЕРГЕ МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТ КОНКУРСЫ ҚАРАШАДА ӨТЕДІ 1 оқу мин Әлеумет ӘЛЕУМЕТТІК КӘСІПКЕРЛЕРГЕ МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТ КОНКУРСЫ ҚАРАШАДА ӨТЕДІ 09.10.2025 15058 Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары 42,9 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады Әлеумет Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары 42,9 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады 08.10.2025 16781 Үндістандық студенттерге пәтерін жалға бергені үшін сотқа тартылды 1 оқу мин Әлеумет Үндістандық студенттерге пәтерін жалға бергені үшін сотқа тартылды 08.10.2025 15821