Оңтүстік Қазақстан Индустриалды-инновациялық колледжі білім сапасын арттыру бағытында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Студенттер арасында түрлі іс шаралар ұйымдастырылып отырады. Тәлімгерлердің білім мен білігін арттыруда мұндай шаралардың берері көп. Оқу ордасында дәстүрлі түрде жаңадан қабылданған білім алушыларды студенттер қатарына қабылдау кешін ұйымдастырылды. Білім ордасы Оңтүстік Қазақстан индустриялды-инновациялық колледжі биылғы оқу жылы 2023-2024 жылы 400 талапкерді қабылдады. Бүгін талапкерлерімізді студенттер қатарына қабылдау кешін аудандық Қ. Жандарбеков атындағы мәдениет үйінде кең ауқымда ұйымдастырды. Түркістан облысындағы алдыңғы қатардағы оқу ордасына білім алуға құмбылдардың қатары көп. Студенттерді қатарға қабылдау мерекесіне білім ордасының басшысы, бас ұстаз Нұрекенова Нұргүл Жақсылыққызы қатысып, білім алушы жастарды атаулы мерекесімен құттықтады. Сондай-ақ Сайрам ауданы, Ақсукент ауылы Банк Центр Кредит 0313 бөлімшесінің директоры Абливаитов Каримкул Курваналиевич арнайы келіп, білім алушыларды мерекелерімен құттықтап, студенттердің шәкіртақы карталарын ұсынып, кештің қадірлі қонағы болды. Колледж басшысы Нұргүл Жақсылыққызы қоғамдық іс-шараларға белсене қатысқан студенттерімізге алғыс білдіріп, белсенді жастардың еңбегін бағалап алғыс хатпен марапаттады. Жаңадан табалдырық аттаған білім алушы жастарға салтанатты түрде студенттік билет, сынақ кітапшасы, шәкіртақы карталарын ұсынып, білім алу жолына толағай табыс тілеп, білімгерлердің ата-аналарына алғыс айтып, жылы лебізін білдірді. Студенттерді өзін-өзі басқару парламенті, “Sanaly urpaq” жобасы мүшелері, колледжіміздің өнерлі жастары әннен шашу шашып,бишілеріміз мың бұрала би билеп, іс-шараның шырайын келтірді. Бүгінгі мереке білім алушы жастарымызға естен кетпес іс-шара екендігі күмәнсіз.