Әлеумет Білім биігіне ұмтылған шәкірттер Редактор 16.10.2023 18478 1 оқу мин Мектеп оқушыларының жетістіктері мен табыстары мұғалімдер еңбегінің жемісі болып табылады. 2022-2023 оқу жылында Түркістан облысының білім басқармасының Созақ ауданының «Қарағұр» жалпы білім беретін мектебінің білім биігіне ұмтылған шәкірттері мектептің мәртебесін көтеріп, аудандық, облыстық олимпиадалардың жеңімпазы ретінде жүлделі орындарға ие болды. Айталық, Қазақстан тарихы пәні бойынша 5-6 сынып оқушыларына арасында өткен республикалық олимпиаданың аудандық кезеңінде тарих пәнінің мұғалімі Нұржанова Дәрікүл жетекшілік ететін 5 «Б» сынып оқушысы Әбеш Гүлім және 6 «А» сынып оқушысы Әбдіманап Мадина І орын иеленіп, жоғары көрсеткішпен облыстық кезеңге өтті. Аталған оқушылар республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде де алдыңғы қатардан көрініп, Әбеш Гүлім 5-сыныптар арасында, Әбдіманап Мадина 6-сыныптар арасында ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Шәкірттердің жүлделі сыйлықтарын мектеп директоры Малбағаров Талғат табыстап оқушыларды жеңістерімен құттықтады, алдағы уақытта да жеңіс тұғырынан көрінулеріне тілектестік білдірді. Білім саласын дамыту жолында жүрген мұғалімдер қауымы, мемлекеттің келешегі шәкірттердің білім деңгейіне тәуелді екенін үнемі жадымызда ұстау керек. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Қазақстандықтардан 40 миллион теңге бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталды 1 оқу мин Әлеумет Қазақстандықтардан 40 миллион теңге бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталды 10.09.2026 9233 “Дубайға билет”: Ата-аналарды сан соқтырған ер адам ұсталды 1 оқу мин Әлеумет “Дубайға билет”: Ата-аналарды сан соқтырған ер адам ұсталды 10.09.2026 8273 Жол ортасында дрифт жасағаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылды 1 оқу мин Әлеумет Жол ортасында дрифт жасағаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылды 08.09.2026 9464