Әлеумет Білім биігіне ұмтылған шәкірттер Редактор 16.10.2023 15855 1 оқу мин Мектеп оқушыларының жетістіктері мен табыстары мұғалімдер еңбегінің жемісі болып табылады. 2022-2023 оқу жылында Түркістан облысының білім басқармасының Созақ ауданының «Қарағұр» жалпы білім беретін мектебінің білім биігіне ұмтылған шәкірттері мектептің мәртебесін көтеріп, аудандық, облыстық олимпиадалардың жеңімпазы ретінде жүлделі орындарға ие болды. Айталық, Қазақстан тарихы пәні бойынша 5-6 сынып оқушыларына арасында өткен республикалық олимпиаданың аудандық кезеңінде тарих пәнінің мұғалімі Нұржанова Дәрікүл жетекшілік ететін 5 «Б» сынып оқушысы Әбеш Гүлім және 6 «А» сынып оқушысы Әбдіманап Мадина І орын иеленіп, жоғары көрсеткішпен облыстық кезеңге өтті. Аталған оқушылар республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде де алдыңғы қатардан көрініп, Әбеш Гүлім 5-сыныптар арасында, Әбдіманап Мадина 6-сыныптар арасында ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Шәкірттердің жүлделі сыйлықтарын мектеп директоры Малбағаров Талғат табыстап оқушыларды жеңістерімен құттықтады, алдағы уақытта да жеңіс тұғырынан көрінулеріне тілектестік білдірді. Білім саласын дамыту жолында жүрген мұғалімдер қауымы, мемлекеттің келешегі шәкірттердің білім деңгейіне тәуелді екенін үнемі жадымызда ұстау керек. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ АКАДЕМИЯСЫНА ОҚУҒА ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ: ЖАҢА БАҒДАРЛАМАЛАР МЕН МҮМКІНДІКТЕР КӨБЕЙДІ 1 оқу мин Әлеумет МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ АКАДЕМИЯСЫНА ОҚУҒА ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ: ЖАҢА БАҒДАРЛАМАЛАР МЕН МҮМКІНДІКТЕР КӨБЕЙДІ 09.04.2026 2406 Halyk қайырымдылық қоры қасиетті кесенеге жөндеу жұмыстарын жүргізуде 1 оқу мин Әлеумет Halyk қайырымдылық қоры қасиетті кесенеге жөндеу жұмыстарын жүргізуде 08.04.2026 3727 ШЫМКЕНТТЕ МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМА АЯСЫНДА 30 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ 1 оқу мин Әлеумет ШЫМКЕНТТЕ МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМА АЯСЫНДА 30 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ 02.04.2026 4993