Түркістан облысына қарасты Созақ ауданы Сүгір Әліұлы атындағы мектебінде Өзін өзі басқару президенттігіне үміткерлерді іріктеу шарасы жүргізілуде. Оқушылар өзіндік пікір, ұсыныстарын жазып, аталмыш шарада оқ бойы оза шауып бәйгенің алдында болуды мақсат тұтқан. Осы шарада өз міндеттемелерін ұсынушылардың бірі Балнұр Серік өз ұсынысын білдіріп отыр. «Мен мектептің өзін-өзі басқару президенттігіне үміткерінің бірімін. Серік Балнұр, 10″ә» сынып оқушысымын. Өзім жайлы айтып кетсем: бала кезімнен өте ашық, белсенді, жауапкершілікті және мектептің дамуына ат салысатын болдым. Біздің мектепте менің шешкім келетін мәселелер бар , қазақ тілін дамыту, тіл саясатын дамыту, қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі деп ойлаймын. Қазақ тілінің дамуы үшін қазақ тілі клубын ашып, дебат ұйымдастырып, түрлі ойындарды ұйымдастыру арқылы шеше аламын. Мен оқушылардың моральдық жағдайына аса мән бергім келеді. Сонымен қатар, мен мектептің психологиялық бөлігін дамытқым келеді, яғни біздің мектепте тұйық, өзінің ойын білдіруге ұялатын, оқу жайлы уайымдайтын оқушылар бар. Осы мәселенің шешімінде табамын. Мен сіздерге қызықты мектеп өміріне арналған кейбір идеяларыммен бөлісемін: кез келген оқушыға өз клубын ашуға мүмкіндік беру, күзгі, қысқы балдары, футбол және басқа да спорт түрлерінен турнирлерді өткізу, IT news ашамын.Осы арнада оқушылар өздері басқаларға мектепте болып жатқан жаңалықтар туралы хабарлай алады. Менде әлі де көптеген қызықты идеялар бар. Оларды жүзеге асыру үшін, маған дауыс беруге шақырамын!» дейді. Еркін ойлы, білімді жастардың болашағы зор болмақ. Өз ұсыныс пікірлерін еркін жеткізетін озат ойлы жастар сайлауда өз бақтарын сынайтын болады.