Түркістан қалалық білім бөлімінің жоспарына сәйкес бөлім басшысы Қолдасова Оразкүл Шайхықызының қолдауымен Ө.Жәнібеков атындағы №27 IT мектеп-лицейінің базасында «Ақберен» республикалық байқауының қалалық кезеңі болып өтті. Байқауға қала мектептерінен 200-ден астам оқушы қатысып, 6 кезең бойынша бақтарын сынады. Атап айтар болсақ, «Ақындар айтысы», » Көркем сөз оқу», «Шешендік білгірлер сайысы», «Эссе байқауы», «Ұлттық аспапта өнер көрсету» және «Ақындар мүшәйрасы» кезеңдерінде дарындылықтары мен өнерлерін көрсетті. Аталмыш шара оқушылардың білім деңгейін арттырудан бөлек рухани өсуін де қамтымақ. Түрлі өнер жарысында оқушылар белсене қатысты. Оқушылар бар өнерлерін салды. Байқау нәтижесі бойынша қазылар алқасының шешімімен «Ақындар айтысы» кезеңі бойынша №28 мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы Бекарысұлы Шахмардан, «Ақындар мүшәйрасы» кезеңі бойынша №16 Т.Бигелдинов атындағы жалпы білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы Исахан Қасымхан, «Эссе байқауы» кезеңі бойынша №4 С.Сейфуллин атындағы мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы Мырзахан Арайлым, «Шешендік білгірлер сайысы» бойынша №27 Ө.Жәнібеков атындағы IT мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы Жұман Қарақат, «Көркем сөз оқу» кезеңі бойынша №28 мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы Амангелді Сезім және «Ұлттық аспапта өнер көрсету» кезеңі бойынша №1 А.Байтұрсынов атындағы мектеп-лицейінің 8-сынып оқушысы Бейсенбай Айбарлы жеңімпаз атанып, облыстық кезеңге жолдама алды. Облыстық іріктеу кезеңіне жолдама алған жүйріктерімізге сәттілік тілейміз!