Еліміздің ертеңі, мемлекетіміздің жарқын болашағы білімді де, талантты жастардың қолында. Жастар алдыңғы буын ағалардың жолын лайықты жалғастырып, өздерінің сенімді ізбасар екенін дәлелдеуде. Қай заманда болмасын қоғамның қозғаушы күші – жастар. Бүгінде жастар озық идеяларымен қаруланып, еліміздің дамып, өркендеуіне барынша үлес қосып келеді. Бүгінде елімізде жастар саясатына үлкен көңіл бөлінуде. Ең әуелі жастардың бойына рухани – адамгершілік, саяси интеллектік, құқықтық тәрбие басым болған жөн. Жастар – жердің, елдің иесі, қазақ елінің рухани тәуелсіздігінің биік тұғыры. Осындай жалынды жастарымыздың бірі, келешегінен үлкен үміт күтетін, Түркістан облысына қарасты Сауран ауданы мақтан ететін жас Тәжібай Нұрлыбай Жөргенбайұлы. Тәжібай Нұрлыбай Жөргенбайұлы 1995 жылы 2-ші қарашада Оранғай ауылдық округі, Бостандық елді мекенінде дүниеге келген. Жастайынан білімге құмар болып өскен ол тынбай еңбектенудің арқасында, қазіргі таңда биіктерден көрініп жүр. Жетістіктеріне тоқталар болсақ: Сайрам ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен республикалық «ЭРУДИТ» интеллектуалды ойынында жүлделі III-орын, Кентау қаласында ұйымдастырылған облыстық интеллектуалды сайыста ІI-ші орын және Сауран аудандық «AMANAT» партиясының ұйымдастыруымен өткен «AMANAT AQYLMAN» интеллектуалды ойынында жүлделі I-орынды иеленіп облыстық сайысқа жолдама алған. Түркістан қаласында өткен «TARIH FANDOM» республикалық квест сайысында III орын иеленген. Нұрлыбай Жөргенбайұлына білімділер бәсекесінде топ жарып, еліміздің абыройын асқақтататынана сенім мол.