Түркістан облысына қарасты Сауран аудандық «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қарасты Оранғай ауылдық кітапханасы ұйымдастыруымен 16 қазан күні 100 жаңа оқулық жобасы аясында қазақ әдебиетінің көрнекті жазушысы Т.Нұрмағамбетовтің «Қош бол ата» повестін бір топ оқырман жастарға насихаттады. Кітапханашы Ерметова Г. Т.Нұмағамбетовтің өмірі мен шығармашылығын қысқаша баяндап отырып, «Қош бол ата» повесті кейіпкерлерінің тұрмыс тіршілігін, мейірімділігін, сағынышын оқырман жастарға айтып барді. Шараны өткізудегі мақсат оқушылар арасында оқу мәдениетін қалыптастыру болып табылады. Т.Нұрмағамбетовтің басқада туындыларын топтасып оқуға шақырды. Белгілі қаламгер Тынымбай Нұрмағанбетовтің «Қош бол, ата!» атты жинағына балалар мен жасөспірімдерге арналған жабық конкурста жүлде алған таңдаулы повестері мен әңгімелері енген. Атақты повесін жазғанда жазушы 20 жаста болған екен. Жинақтағы повестер мен «Жиырма жас», «Перзент», «Менің інілерім» әңгімелері де балалардың талап-тілегінен шығатын, өмірдің қызық та күлкілі оқиғаларынан тұратын көркем тіл, жылы юмормен суреттелген дүниелер. Алғашқы әңгімелер жинағы 1971 жылы «Қауын иісі» деген атпен шыққан. Біраз туындысы орыс тіліне аударылып, жеке кітап болып басылды. «Қош бол, ата», «Қарлығаштың ұясы» повестері Қазақ КСР Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитеті, Қазақстан ЛКЖО Орталық Комитеті, Қазақстан Жазушылар одағы, «Жалын» альманахы бірлесіп өткізген жабық конкурста жүлде алған. Орыс тілінде шыққан «Қауын иісі» кітабы үшін Бүкілодақтық М.Горький атындағы конкурстың дипломына ие болды. Халықаралық Қазақ ПЕН клубы сыйлығын алған. «Құрмет» орденінің иегері. «Табалдырығыңа табын», «Жоғалған көл», «Кемпірлер үкімі» пьесаларының, «Тырналар ұшып барады» телефильмі сценарийінің авторы. Бұдан басқа жазушының «Қош бол, ата», “Қарлығаштың ұясы», “Ата қоныс», «Дарияның арғы беті», «Бәйтеректер», «Туған ауыл түтіні», «Балалық шақтың әндері», «Таңдамалы», «Айқай», «Ауғандық құстар» атты шығармалары бар. Кітапханашы Ерметова Г. Оқушыларға жазушының шығармалары туралы толығырақ баяндап берді әрі басқа да туындыларын оқуға кеңес берді.