Түркістан облысына қарасты Төлеби аудандық кітапханасында Абылай ханның 310 жылдығына орай «Даланың дара тұлғасы» атты тарих сағаты өткізілді. Іс-шараға №5 жалпы орта мектебінің 8 сынып оқырмандары қатысты. Шараны өткізудегі мақсат — Қазақ хандары туралы ежелгі қазақ халқының дамуы жайында мағұлмат беру, оқу мәдениетін насихаттау, оқырмандардың патриоттық рухын көтеру, еліне-жеріне деген махаббатын арттыру, ата — бабаларына деген құрметін, қазақ хандығының құрылуы туралы білімдерін толықтру, Абылай хан арқылы бабаларымыздың ерлігін бағалай білуге тәрбиелеу, сол арқылы еліне деген сүйіспеншілігін арттыру, еліне, жеріне деген сүйіспеншілік сезімдерін қалыптастыру болып табылады. Бұдан бөлек, аудандағы Достық ауылдық кітапханасында “Білімді ұлт-сапалы білім беру» саяхат сабағы өткізілді. Іс-шараға 6, 8 сынып оқушылары қатысты. Оқушыларға Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ұлттық жоба форматына көшуі жүзеге асырылғаны және ұлттық жобаның 5 міндеті жайлы айтып өту. Олардың сапалы білім алуларына мол мүмкіндіктері бар екенін түсіндіру. Содан кейін Абай ауылдық кітапханасында “Жазушы шығармасы-тарих парағы” Әдеби сағаты ұйымдастырылды. Мақсаты: Оқырмандарға жазушы, әдебиет сыншысы, драматург, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Асқар Сүлейменовтің 85-жылдығына арналды. Сүлейменов жаңа идеаларды генерациялауға қоғамға, ұлтқа қызмет етуге, идеяшылдықтан азат жаңа әдебиет жасауға ұмтылды, өз идеалы үшін күресті. Сүлейменов шығармаларын үш кезеңге бөліп қарауға болады. Сыншылық, прозалық, және драматургиялық. Жазушының кітаптары мен шығармаларымен таныстырылды. Оның әдебиеті бостандыққа, тарихи тамырларды ұлттық өзіндік ерекшелікті сақтап қалуға шақырды. А. Сүлейменовтің әдеби мұрасында көптеген көркем аудармалары арқылы оқырмандар Т. Карлейль, Э. Хемингуэй, М. Булгаков, Б. Брехт, Т. Уильямс шығармаларымен таныса алды. Қатысқан 8-сынып оқырмандарымен өтілді.