Түркістан облысына қарасты Ордабасыда «Қағаны – батыр, ақылгөйі – кемеңгер елдің бағы жанады» тақырыбында аймақтық дебаттық турнирлер өтуде. Аудандық білім бөлімінің 6.10.2023ж. № 340 бұйрығна сәйкес, Шұбар, Шұбарсу аймағы бойынша «Зерде» жалпы білім беретін мектебінің базасында Жалпы орта білім беру ұйымдарының 8-11 сынып білім алушылары арасында «Қағаны – батыр, ақылгөйі – кемеңгер елдің бағы жанады» тақырыбында дебаттық турнирі өтті. Дебаттық турнирдің мақсаты : Білім алушылардың бойында азаматтық ұстанымды, өзінің және қоғам алдында өз іс-әрекеттері үшін жауапкершілікті қалыптастыру, білім сапасын арттыру, елде байқалатын өзекті жағдайларды талдау және жариялы талқылау арқылы шығармашылық және сыни ойлау қабілетін дамыту болып табылады. Аймақ бойынша дебаттық турнирге 10 мектептен қазақ, орыс, ағылшын лигалары бойынша 60 білім алушы қатысты. Турнир қарарлары: 1. БП ұлттық құндылықтарды оқушы бойына сіңірудің ең тиімді механизмін ұсынады. 2. БП гендік инженерияға сенгеннен гөрі қауіптенеді. 3. БП Білім құқық емес артықшылық болуы керек деп есептейді. 4. БП жеңіл есірткі түрлеріне тыйым салудың ең тиімді механизмін ұсынады. 5. БП жастарды отан қорғауға деген азаматтық борышын өтеуге мәжбүрлеу керек деп есептейді. 6. БП жаһандық тіл ретінде ағыдшын тілінің үстемдігін басқа тілдерді үйренудің маңыздылығын төмендетеді деп есептейді. Дебаттық турнирдің қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталып, турнирдің аудандық кезеңіне жолдама алды. Олар: Қазақ лигасы бойынша: Б. Нұрлыбеков атындағы жалпы орта мектебі «Айқап» фракциясы Таңшолпан Нысанбаева, Ақнұр Рахымберді, жетекшісі Ғарифулла Серікбаев. «Зерде» жом. «Зерек» фракциясы Зарина Сарыбаева, Аружан Балтабай, жетекшісі Даурен Мустафин. Ағылшын лигасы бойынша М. Исламқұлов атындағы жалпы орта мектебі «Elite» фракциясы Ақерке Байзулла, Улдана Тулаған, жетекшісі Айжан Чинибекова. Орыс лигасы бойынша Б. Нұрлыбеков ат.жом. «iQ-up» фракциясы Айдар Бекжан, Нұрдәулет Бериков, жетекшісі Мұса Акылбеков.