Түркістан облысына қарасты Шардара ауданының білім бөліміне қарасты Достық ауылында орналасқан МКҚК «Әсел» бөбекжай бақшасы, Қызылқұм ауылындағы «Алтын білім» және Ұзын ата ауылында орналасқан «Ер-Дин» бөбекжай балабақшасында облыстық тәжірибелік семинар өтті. Семинар тақырыбы: «Мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың білім білік дағдыларын дамытуда шығармашылықпен айналысудың маңызы» деп аталады. Аталмыш шараны өткізудегі мақсаты: Жаңартылған білім берудегі жаңа әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, баланың бойындағы шығармашылық қабілетін арттырып белсенділігін дамытуға мүмкіндік жасап, білім сапасын арттыру, іздемпаз, дарынды, қабілетті тұлға қалыптастыру болып табылады. Облыстық тәжірибелік семинарға облыстық білім беруді дамыту орталығының мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша жауапты әдіскер Забира Кеутаева, Гүлнұр Рысқұлбекова, Шардара ауданының білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Дариха Нускабаева, бөлімнің мектепке дейінгі ұйым әдіскері Айгуль Жумабекова және МДҰ арасынан құрылған білікті әдістемелік топ және 17 ауданның балабақша педагогтары қатысты. Семинарда «Шебер қолдар»,»Қол өнер — еңбектің қайнар көзі» атты көрме, «Әрқашан бірге жақсы көңіл күйде», «Ғажайып киіз үй», «Көңілді дәрумендер» сияқты топтық жұмыстар орындалды. Ерекшелігі сол, ауданды әлемге танытқан бірнеше армрестлингтен әлем чемпиондары да аталған іс-шараға қатысып, бүлдіршіндермен кездесті.