Әлеумет Педагогтар біліктілік арттыру курсынан өтеді Редактор 20.10.2023 17296 1 оқу мин Түркістан облысында педагог мамандардың беделін арттыру, білімі мен біліктілігін арттыру ұдайы басты назарда. «REFRAME» тұлғалық дамыту орталығымен биылғы жылдың соңына дейін «Бестерек» жобасы аясында 1300 педагог-психолог «Когнитивті мінез-құлық психотерапиясының негіздері» тақырыбында біліктілік арттыру курсынан өтеді. Мақсаты — тәуекел топтағы оқушыларға жаңа тәсілде психологиялық көмек көрсетуді үйрету. Қазіргі таңда когнитивті мінез-құлық психотерапиясы бүкіл дамыған елдерде көмек көрсетудің негізгі әдісі болып табылады. Зорлық-зомбылық құрбандары немесе куәгері болған балалардың психологиялық күйін реттеуге, эмоционалды бұзылыстар мен қатар психожарақаттарды түзетуге мектеп психологтары үйреніп, тәжірибе жинақтайды. Сонымен қатар, тұрмыстық зорлық-зомбылық пен кәмелетке толмағандармен және оларға қарсы жасалған құқықбұзушылықтарды азайтуға, алдын алуға кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғаумен байланысты органдардың өзара іс-қимылын күшейтуге бағытталған. Түркістан облысы әкімдігі Түркістан облысының прокуратурасы және Түркістан облысының полиция департаменті мен бірлескен «Салауатты болашақ» жобасының онлайн режимде тәуекел профилі бойынша ақпарат қалыптастырылатын деректер базасы жасалады. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Halyk қайырымдылық қоры қасиетті кесенеге жөндеу жұмыстарын жүргізуде 1 оқу мин Әлеумет Halyk қайырымдылық қоры қасиетті кесенеге жөндеу жұмыстарын жүргізуде 08.04.2026 3092 ШЫМКЕНТТЕ МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМА АЯСЫНДА 30 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ 1 оқу мин Әлеумет ШЫМКЕНТТЕ МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМА АЯСЫНДА 30 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ 02.04.2026 4471 ТҮЛКІБАСТА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА 40-ТАН АСТАМ БҰЛАҚ КӨЗІ АШЫЛДЫ 1 оқу мин Әлеумет ТҮЛКІБАСТА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА 40-ТАН АСТАМ БҰЛАҚ КӨЗІ АШЫЛДЫ 26.03.2026 10252