2023 жылдың 20 қазан күні Түркістан облысына қарасты Ордабасы ауданының білім бөлімі әдістемелік кабинетінің математика және физика пәнінің әдіскері С.Реңдібаеваның ұйымдастыруымен С.Ысмайлов атындағы жалпы орта мектебінде математика және физика пәнін басымдылыққа алып биология, химия, информатика пәндерімен интеграцияланған «STEM/ЅТЕАМ тәсілдерін қолдана отырып, оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру» тақырыбында аудандық тәжірибелік семинар өтті. Мақсаты: оқушылардың білу және істей алу қабілеттерін, өнертапқыш шешімдері мен зерттеушілік қызметтерін тәжірибелік форматтарда көрсету; «STEM/ЅТЕАМ» тәсілдерін қолдана отырып, оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру тәжірибесімен бөлісу, ғылымға құштарлығын арттыру болып табылады. Семинарға білім беру ұйымдарынан математика, физика, биология пәнінің мұғалімдері қатысты. Имаш Әлия мен Шомекеева Аружан «Өрнектерді тепе-тең түрлендіру», Досова Ақбота мен Маханбетова Қаракөз «Призма, пирамида, қиық пирамида тақырыптарына практикалық тапсырмалар орындау» тақырыбында ашық сабақ өтіп, «Ақылды үй »жобасын жасап шықты. Исабекова Сауле мен Аширова Ақшолпан «Түзу мен жазықтықтың өзара орналасуы.Жазықтықтардың параллельдігі» тақырыбында сабақ өтіп, оқушылардың зерттеуімен «Ландшафты жоба» жасап шығарды. Медетова Бақыткүл мен Жамалбекова Арайлым «Булану және конденсация. Қаныққан және қанықпаған бу» тақырыбында зерттеу жұмысын көрсетіп, балмұздақ жасап қонақтарды таңқалдырды. Рендибаева Сабира, Илебаева Алтынкүл, Атеева Наргиза, Қаражігіт Айнагүл шебер сынып өтіп, тәжірибиелерімен бөлісті. Іс-шара соңында пән мұғалімдері кері байланыс беріп, семинардан «STEAM» тәсілі біздің балаларымызды, өнертапқыштардың,жаңашылдардың және көшбасшылардың болашақ буынын ғалымдар секілді зерттеулер жүргізуге, технологтар секілді модельдеуге, инженерлер секілді жасауға, математиктер секілді талдамалы түрде ойлауға және бала секілді ойнауға шабыттандыратын тәсіл екенін атап өтті.