Ағымдағы жылдың 19-20 қазан күндері Түркістан облысына қарасты Сарыағаш қаласындағы №4 мамандандырылған мектеп интернатында «Шағын жинақты мектептермен серіктестік аясында білім сапасын арттырудың проблемалары мен жаңашыл әдіс-тәсілдері» атты тақырыпта республикалық семинар болып өтті. Түркістан облыстық білім басқармасының қолдауымен №4 дарын мамандандырылған мектеп интернатында өтіп жатқан шағын қала мен ауыл мектептерінің арасындағы білім сапасының алшақтығын жоюды көздейді. Аталмыш республикалық семинарға еліміздің түкпір түкпірінен дарын орталығының мамандары мен шағын жинақты мектептің ұстаздары жалпы саны 50ден астам адам келіп қатысты. Түркістан облысы бойынша 100 ден аса шалғайда жатқан шағын жинақты мектептер бар. Қала мектептері мен ауыл мектептерінің арасындағы білім сапасының алшақтығын жою мақсатында осыдан тура 2 жыл бұрын Сарыағаш және Келес өңірлеріндегі 7 мектеп №4 дарын мамандандырылған мектеп интернатыменен келісім-шарт түзген тұғын. Мінекей, сол сәттен бастап Сарыағаш және Келес аудандарындағы ШЖМ білім сапасы едәуір көтеріліп, ұстаздардың тәжірибелері артып, жаңашылдыққа бейімделуде. Десе де олардың біліктілігін әрмен қарай дамыту керек деген филология ғылымдарының докторы Алмагүл Наурызбайқызы осы сынды шараларды басқа облыстарда да өткізуді қолға алуымыз керек дегенді жеткізді. Сондай-ақ алқалы семинарға қатысушылар арнайы көрмелер мен, оқушылардың тыңнан түрен салып, өз қолдарымен жасаған дүниелерімен танысты. Жаңашылдыққа бет бұрған оқушылардың бірі жер сілкінісіне төтеп беретін көпқабатты тұрғын-үйлердің макетін құрастырса, енді бірі заманауи жылыжай жобасын жасап шыққан. Дарын Республикалық ғылыми практикалық орталығы педагогикалық шеберлік және психологиялық қызмет бөлімінің басшысы Каркулова Айгүл Әкімкерейқызы «Дарын» орталығы мамандандырылған білім беру ұйымдарына ауыл мектептерін бекітіп, «КӨМЕКTІМЕЅ» тәлімгерлік жобасын жүзеге асырылуда екенін айтты. Аталған жобаның мақсаты-мектептердің білім сапасын арттыру бойынша міндеттерді кешенді шешуде ауыл мұғалімдеріне практикалық көмек көрсету. Жоба барысында мектеп әкімшілігі мен мұғалімдерінің қажеттілігін айқындау үшін жоспар құрылып, міндеттер жүктелді. Білім білгеніңмен бөлісу арқылы мұнымен адамның тәжірибесі де арта түседі демекші, елдің түкпір-түкіпірнен жиналған ұстаздар, бірінші күні Дарын мектебіменнен меморандумға отырған ШЖМ ұстаздардың сабақтарына қатысып, өз бағасын беріп, пікір алмасты. Екінші күні таныстырылым, өнер және марапаттау салтанаты болды.