Әлеумет Мектепішілік сайлау өтті Редактор 22.10.2023 13555 1 оқу мин Түркістан облысы Мақтаарал ауданының білім бөліміне қарасты «№15 Мақтажан жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде оқушылар арасында «Өзін-өзі басқару» ұйымдарын дамыту тұжырымдамасы бойынша «Мектеп Парламенті» сайлауы өткізілді. Оған мектептің үздік оқитын, қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысатын 7-10 сынып оқушылары арасынан 9 үміткер қатысты. Мектеп Парламенттігіне үміткер болып тіркелген оқушылар, әр қайсысы өздерінің сайлау алды бағдарламаларын ұсынып, өз ойларын ортаға салды. Бұл оқушылардың көшбасшылық қасиетін дамыту, білім сапасын арттыру, топ алдында еркін сөйлеу, жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту бағытында қолға алынған. Сайлау әділдікпен өтті және қорытындысы бойынша Мектеп президенті болып 9 «Ә» сынып оқушысы А.Аширбеков сайланды. Сонымен бірге өзін-өзі басқару ұйымының құрамы құрылып, іс-шаралар жоспары бекітілді. Мектепішілік сайлау нәтижесімен мектеп мұғалімдері мен оқушылары таңдаған «Өзін-өзі басқару» ұйымының жаңа Президентін және фракция көшбасшыларын тағайындап, мектеп ұжымы құттықтап, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ӘЛЕУМЕТТІК КӘСІПКЕРЛЕРГЕ МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТ КОНКУРСЫ ҚАРАШАДА ӨТЕДІ 1 оқу мин Әлеумет ӘЛЕУМЕТТІК КӘСІПКЕРЛЕРГЕ МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТ КОНКУРСЫ ҚАРАШАДА ӨТЕДІ 09.10.2025 18316 Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары 42,9 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады Әлеумет Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары 42,9 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады 08.10.2025 19934 Үндістандық студенттерге пәтерін жалға бергені үшін сотқа тартылды 1 оқу мин Әлеумет Үндістандық студенттерге пәтерін жалға бергені үшін сотқа тартылды 08.10.2025 18701