Түркістан облысына қарасты Бәйдібек ауданы білім бөлімінің жоспарына сәйкес «Төрт тоқсанда-төрт өнер» мәдени ағартушылық жоба аясында Т.Қазақбаев атындағы жалпы білім беретін орта мектебі базасында аудандық жазба ақындар, айтыскер ақындар арасында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Аталмыш шараның негізгі мақсаты — ұлттық рух пен патриотизиді, өз халқының дәстүріне деген құрмет, тіл саясатын дамыту, айтысты қазақ халқының құндылығы, шешендік өнердің баға жетпес мұрасы ретінде дәріптеу арқылы шығармашыл жастарды анықтау болып табылады. Аталған іс-шараға Жүзімдік, С.Ерубаев, Есіркеп батыр, Қ.Сыпатаев, Л. Өтешов, Т. Қазақбаев атындағы мектептердің шығармашыл жазба ақындары қатысып, қонақкәделерін паш етіп, өзекті мәселелерге байланысты әр ақын өз ойын өз мақамдарына сай көрермен назарына жыр шумақтармен жеткізе білді. Сондай-ақ, арнайы келген өнерлі оқушылар дәстүрлі ән мен термеден жыр шашып, ұлттық өнердің баймұрасы қайта оралғандай әсерде қалдырды. Алдағы уақытта жас ақындардың қаламдары ұшталып, елін, тілін құрметтейтін, ұлттық құндылықтарымызды дәріптейтін талантты тұлға болып қалыптасары сөзсіз. Аталмыш мектепте осы бағыттағы шаралар жалғасын табады деген сенім мол.