Түркістан облысы Ордабасы ауданы Амангелді Иманов атындағы жалпы білім беретін мектебі «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» негізге ала отырып, мектеп оқушыларының күзгі демалыс күндері мен бос уақытын тиімді өткізу, әр тұлғалық дамыту мақсатында мектепшілік іс шаралар жоспары бойынша, қазақ тілі пәні мұғалімі М.Шураева мен педагог ұйымдастырушы Р.Сегизбаева «Әкеге-ізет, анаға-құрмет» тақырыбында 6-7сыныптар арасында ақындар айтысын ұйымдастырды. үркістан облысы, Ордабасы аудандық білім бөлімінің нөмірі 229-19/02-05/1392 шығыс хатын басшылыққа ала отырып, Амангелді Иманов атындағы жалпы білім беретін мектебі «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында 25-қазан Республика күніне орай 8-9 сыныптар арасында «Менің арманымдағы Қазақстан» тақырыбында эссе байқауы болып өтті. «Еліміздің гүлденуі мен әрі қарай дамуына, көркеюіне үлесімізді қосу — әрбіріміздің азаматтық борышымыз. Бізге артқан үміт пен сенім жүгін жауапкершілік деп ұғып, кезіккен сан қилы, сан қырлы соқпаққа қазаққа тән қайсар мінезбен тайсалмай көтерейік! Қасиетті Отанымыздың жарқын болашағы жолында күні бүгіннен қарышты қадамдар жасап, жаңа Қазақстанды қалыптастыруға өз үлесімізді қосайық! Азат еліміздің көк байрағын жеңісті күндерде желбіретіп, ата-бабаларымыз, алдыңғы тоқын ағаларымыз, ұлыларымыз артқан сенім иігінен бірге көрінейік!» оқушылар осылай толғанды. Бұдан бөлек, Түркістан облысы Ордабасы ауданы “Бәйтерек”жалпы білім беретін мектебінде «Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институты» Ғылыми әдістемелік Кеңесінің 2023жылғы 15 тамыздағы 4 хаттамасына сәйкес балалардың әл ауқатын қамтамасыз ету үшін ата-аналарлың педагогикалық мәдениетін психологиялық және әлеуметтік құзіретін дамытуда ата-аналарға жүйелі педагогикалық қолдауды ұйымдастыру мақсатында мектепте Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы құрылды. Бұдан кейін, Түркістан облысы, Ордабасы ауданы Амангелді Иманов атындағы жалпы білім беретін мектебінде «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында, ерекше білім беруді қажет ететін оқушыларға «Құрдастан құрдасқа» жоба аясында @dara.inclusion жеке меншік қорының қолдауымен табиғат аясында «Саябақтағы алтын күз» тақырыбында сурет салудан байқау өткізілді. Оқушылардың сурет салуға деген қызығушылығы артып, «Алтын күз» бейнесін бар ынтасымен түстерді үйлестіріп, бейнеледі. Қатысушыларды марапаттап, сыйлықтар тапсырылды. Ата-аналар мен қатысқан оқушылар @dara.inclusion қорына, мектеп әкімшілігіне және көркем еңбек пәні мұғалімдеріне алғысын білдірді.