Мектепте өткен әрбір сайыс, әрбір байқау оқушының талантын ұштап, қанатын қатайтатыны белгілі. Сондықтан да бүгінде білім ұяларында оқушының көкірек көзін ашатын түрлі шаралар жиі өткізіліп тұрады. Жуырда Түркістан облысына қарасты Сайрам ауданы білім бөліміне қарасты №80 Машат жалпы білім беретін мектеп кітапханашысы Н. Қасымбекова «Кітапхана білім ордасы» тақырыбында 5 сынып оқушылары арасында сұхбат өткізді. Аталмыш шара кең көлемде атап өтілді. Оқушылар шараға белсене атсалысты. «Кітапхана білім бұлағы, білім -өмір шырағы» деген қанатты сөзде терең ой жатыр, өйткені адамзат баласына керекті рухани байлықтың бәрі кітаптан табылады. Ал білімнің қайнар көзі болып табылатын жинақтайтын, оны оқырманына жеткізетін киелі орын- ол кітапхана. №80 Машат жалпы беретін мектеп 22.11.2023 педагог ұйымдастырушы және тәлімгерлердің ұйымдастыруымен «Әрбір бала жарық жұлдыз» тақырыбында 3Ә-3А сынып оқушылары арасында «Ұлттың ұлы тұлғалары» атты өлең жырларын жаттан айту және мәнерлеп оқу сайысын ұйымдастырды. Оқушылар өздеріне ұнайтын тақырыпта жыр жаттап, бар өнерлерін ортаға салды. Әрбір бала-керемет рухани күшке ие, ол барлық дүниеауи нәрселерді танып білуге ұмытылады. Кішкентай балаларға сеніммен қарау оны қуаттандыра түседі. Бұдан бөлек, Сайрам ауданы білім бөліміне қарасты №80 Машат жалпы білім беретін мектеп кітапханашысы Н. Қасымбекова және қосымша білім беру педагогы С. Юсувалиева тарапынан 3Ә-сынып оқушылары мен «Кітаппен дос бол» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Аталмыш шараны ұйымдастырудағ мақсат — оқушыларды кітапқа деген қызығушылығын арттыру дүние танымын кеңейту болап табылады. Осы бағыттағы шаралар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.
Связанные истории
02.01.2025
2674