Түркістан облысы Сайрам ауданына қарасты Қарабұлақ ауылында орналасқан №101Жалпы_білім_беретін_мектеп аудандағы мақтаулы оқу ордаларының бірі. Аталмыш мектепте білім сапасын арттырудан бөлек оқушылар арнайы түрлі байқаулар, дарыстар өткізіліп тұрады. Оқушылар да барлық шаралардан шет қалмайды. Ұдайы белсенділік танытады. Жуырда аталмыш мектепте , ТІЖДО З.Абдукадиров, Тәлімгер Д.Ашурметова, ҰП Г.Сидиқова және ӘП Б.Рахмановтар басшылығында, Өзін-өзі басқару ұйымы мүшелерінің ұсынысымен 20-Қараша «Дүниежүзілік балаларды қорғау» күніне арналған «Бала құқығы-адам құқығы» атты онкүндік ұйымдастырылған болатын. Осы шара аясында «Қоғамға қызмет көрсету жобасы бойынша Ұлдар мен Қыздар арасында мектепішілік волейболдан олимпиада ұйымдастырылған болатын. Сол мектепішілік жарыста «Қазақстан-мейірімділік мекені» атты мейірімділік акциясына ат салысқан оқушылардың еңбектері арқасында, қаржы жиналып, жеңімпаз командаларды марапаттау үшін медал, ертеңгілік жарыстардағы жеңімпаз атанған сыныптарға арналған ту және мектепте оқитын мүмкіндігі шектеулі оқушыларға сыйлықтар алынған болатын. Мұның барлығы да оқушылардың өз идеялары. Өзгеге қуаныш сыйлауды ұнататын оқушылар өздері бас болып аталған шараны ұйымдастырып отыр. Ол, сыйлықтарды «Өзін-өзі басқару ұйымы» Президенті А.Батиралиева, спорт министрі Ш.Турдибаев және Экология және еңбек министрі З.Абдумажитовалар табыс етіп көпшіліктің көңілінен шығып қайтты. Іс-шараны ұйымдастырудағы негізгі мақсат — бүкіләлемдік балаларды қорғау күніне арналған іс-шараларды ұйымдастырудың біріңғай тәсілдерін әзірлеу, мемлекеттік органдардың, қоғамдық, үкіметтік емес, халықаралық ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының балалардың мүдделері үшін мемлекеттік саясатты іске асыруға және олардың құқықтарын қамтамасыз етуге қоғам назарын аударудағы күштерін біріктіру, құқықтарды қамтамасыз ету тетіктерін жетілдіруге бағытталған ұсыныстар әзірлеу болып табылады. Ал шараның негізгі міндеті -тұрақты конструктивті диалогты жүзеге асыру және мемлекеттік органдардың, қоғамның, оның ішінде балалар ұйымдарының балалардың құқықтарын қамтамасыз етуге өзекті мәселелері бойынша күш-жігерін біріктіру алаңын одан әрі дамыту және жетілдіру; балаларға арналған алаңдарды, аулаларды абаттандыру бойынша жобалары бастамашылыққа алу, балалардың құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік шаралар туралы қоғамды ақпараттандыру ; Қиын өмірлік жағдайдағы отбасылар мен балаларға қайырымдылық шараларын ұйымдастыру және өткізу; Барлық санаттағы балаларды іс-шаралармен қамту, оның ішінде қашықтықтан (арнайы білім беру қажеттіліктері бар, стационарлық емдеудегі, девиантты мінез-құлықты және арнайы ұйымдардағы балалар жәнет.б.); болып табылады. Алдағы уақытта оқушылар осы бағыттағы іс шараларды ұдайы өткізіп тұрамыз деп келісіп, тарқасты.
Связанные истории
02.01.2025
2674