11.02.2026

Әлеумет

Астана және Halyk әкімдігі «Алматы» және «Сарыарқа» аудандарындағы 100 жеке үйді тегін газдандыру туралы Меморандумға қол қойды. Газдандыру халықтың әлеуметтік тұрғыда осал топтары (ХӘОТ) санатындағы азаматтардың тұрғынүйлеріне, олардың арасында жалғызбасты зейнеткерлерге, көп балалы отбасыларға және мүгедектігі бар адамдарға жүргізіледі. Жалпы бюджеті 230 млн теңгені газдандыру жобасы Halyk-тың 100 жылдығына арналған «100 игі іс» ауқымды науқаны аясында іске асырылуда. 2023 жылы Halyk Bank қаражаты есебінен мұқтаждығы бар отбасыларға 230-ға жуық тұрғынүйі – Астанадағы 100 үйді және Алматы қаласының Наурызбай, Алатау және Медеу аудандарында тұратын 130 үйді газға толықтай қосу үшін қаржыландыру жоспарлануда. «Астанада «Алматы» және «Сарыарқа» аудандары газбен толық қамтамасыз етілген. Бұл шамамен – 12 мың отбасы. Оның ішінде 8 мыңнан астам абонент газға қосылды. Үйлерді газға қосу шығындарын азайту үшін үлкен жүйелі жұмыс жүргізудеміз: халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 450 мың теңгеге жуық сомаға газдандыру шығындарына өтемақы көзделген, сондай-аққұны 150 мың теңгеге жуық есептеу аспаптары тегін беріледі. Бұрын банкпен пайызсыз несиелеу бағдарламасы іске қосылған болатын. Енді Halyk-пен елордадағы 100 үйдітегін газдандыру жобасын іске асыруға кірісеміз. Қалған аудандар бойынша газ құбырын жеткізу желілерін, кварталішілік желілерді салу жұмыстары келесі жылы жүргізіледі. Газдандыру процесі Мемлекет басшысының бақылауында», – деді Астана әкімі Жеңіс Қасымбек. Қазіргі уақытта елорда әкімшілігі ХӘОТ санатына жататын мұқтаж адамдардың тізімін ұсынды. Оларға материалдық жағдайы газдандыруды өз бетінше төлеуге мүмкіндігі жоқ тұрғындар енгізілді. Банк Басқарма төрағасы Үміт Шаяхметованың айтуынша, Halyk бірнеше жыл бойы газдандыру мәселесін шешуге өз ресурстарын салуда: «Біз қазақстандықтардың өмір сүру сапасын арттыру үшін – банктік қызметтерін жетілдіру арқылы да, бүкіл республика бойынша әлеуметтік жобаларды іске асыру арқылы да үнемі жұмыс істеп келеміз. 2021 жылы банк Алматыда жалпы сомасы 92...
Түркістан облысына қарасты Созақ ауданы мал шаруашылығымен айналысуға нағыз қолайлы аймақ. Бүгінде ауданда дәл осы кәсіп түрін...
Биыл «Ер есімі – ел есінде» («Батырларға тағзым») жыл сайынғы акциясы онлайн форматта арнайы аттас платформада https://batyrlargatagzym.el.kz...
Алматы қаласында Қазақстандағы перинаталдық орталықтар мен перзентханалардажұмыс істейтін медбикелердің бірінші Халықаралық форумы басталды. Іс–шараның мақсаты – реанимация және қарқындытерапия бөлімшелерінде нәрестелерді құтқару мен күтуде ортамедицина персоналының ерекше және өте маңызды рөліне назар аудару. Бұл мейірбикенің имиджін арттыруға, күтім сапасын жақсартуға және бала өлімін азайтуға ықпал етеді. Неонаталдық медбикелердің халықаралық форумына Қазақстан, Литва, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркия, Әзірбайжан және Израильден келген 200-ден астам мемлекеттік және жеке медициналық орталықтардың қызметкерлері шақырылды. Оны “AYALA” қайырымдылық қоры серіктесі – «Шеврон» компаниясының қолдауымен, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Ана мен бала денсаулығын қорғау департаменті мен Қазақстан акушер–гинекологтары мен неонатологтары конгресінің бастамасымен ұйымдастырды. Бұл Қазақстандағы ортамедициналық персонал үшін өткізілетін осындай деңгейдегі және ауқымдағы алғашқы кәсіби іс–шара. «Денсаулық сақтау министрлігі неонатологияға маманданған орта медицина персоналының кәсіби құзыреттілігінің тұрақты өсуі мен дамуын қолдайды және ынталандырады. Жаңа туған нәрестелердің өмірін сақтап қалу кезіндегі орасан зор физикалық және моральдық жүктеме нақ осыларға түседі. Форум алаңы Алматыда Қазақстан мен әлемнің басқа да елдерінің тәжірибе жылдары жинақтаған бірегей білімдерімен әріптестерімен бөлісуге дайын үздік мамандарын жинады. Бұл форумдақарқынды ақпарат алмасу еліміздегі неонаталдық қызметсапасын одан әрі арттыру мен жетілдірудің тамаша құралыболатынына сенімдімін», – деп атап өтті ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Ана мен бала денсаулығын қорғау департаментінің директоры Мағрипа Хамитқызы Ембергенова. Екі күн бойы бірінші Неонаталдық медбикелердіңхалықаралық форумының спикерлері медициналық күтімге байланысты жаңа туған нәрестелерде инфекциялардың алдын алу, неонаталдық бөлімшелерде күтім сапасын жақсарту, жаңатуған нәрестені аспаптық зерттеулерге дайындау, жаңа туған нәрестелердің витальдық функцияларының жай–күйіне мониторинг жүргізу, неонатология бөлімшелерінде ортамедицина персоналының жұмысын ұйымдастыру ерекшеліктері сияқты бағыттарда практикалық тәжірибемен бөлісетін болады.  Конференцияның шетелдік қонақтары нәрестелер өлімі мен мүгедектік деңгейінің төмендеуіне байланысты өз елдерініңнеонаталдық қызметтерінің ерекшеліктері мен жетістіктері туралы айтып береді. «Қазақстанның перинаталдық орталықтары мен перзентханаларындағы орта медицина персоналына түсетін жүктемеге өте үлкен. Қазіргі уақытта реанимация немесе қарқынды терапия бөлімшесіндегі бір неонаталды медбикеге 6 жаңа туған нәресте келеді. Салыстыру үшін Еуропалық одақ елдерінде бұл көрсеткіш бір медбикеге бір жаңа туған нәрестеге тең. Бұл үлкен физикалық және эмоциялық күштену ел үшін маңызды сәбилер өлімі мен мүгедектігі деңгейіне тікелей әсер етеді. Нәресте өлімінің...
Түркістан облысында «Жастар ресурстық орталықтары» аймақта 12 мемлекеттік бағдарламаны түсіндіру жұмыстарын жалғастырып жатыр. Бір ерекшелігі – белсенді...
Шардара аудандық мәслихатының төрағасы, білікті бапкер, жомарт жүректі Арман Қарсыбаев (Арман Карсыбаев) жылдағы дәстүрін жалғастырып, қасиетті Рамазан...
Халық үшін сапалы ауыз суға қолжетімділіктің маңызы өте зор. Осыны сезінген Үкімет ел тұрғындарының әлеуметтік жағдайын жақсартуға...
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Келес ауданының тұрғындарымен кездесуінде тауар айналымының артуына мүмкіндік беретін темір жол жобасы...