Әлеумет Түркия таңғалдырудан жалықпайды Редактор 19.05.2023 4309 1 оқу мин Коньяға табанымыз тигеннен кейін бірінші барғанымыз — Мевлана музейі. Румидің құрметіне жасалған алып мавзолейді өз көзіңмен көру, аурасын сезіну бөлекше. Қаланы аралағанда ескі мен жаңаның қатар қолданылғанын байқадық. Ал біз орналасқан HICH қонақүйі дәл Мевлана музейінің жанында екен. Жұмадағы таңымызды азанның әуезді үнімен бастауға себеп болған бұл қонақүйді Серкан Ванлы 2013 жылы ашқан. Бұл кісі ел аралап, жер көргенді, саяхаттай жүріп өзіне ерекше ұнаған детальдарды қойындәптеріне түртіп алуды әдетке айналдырған. Мына қонақүй — сол ерекше идеялардың жемісі. Расында Түркияда замануи үлгіде жасалған, сәннің соңғы жетістіктерін паш ететін қонақүйлер жетерлік. Ал бұл қонақүй Түрік елінің көне тарихы мен дәстүрін бүгінгі өмір салтымен үндестіре білуімен құнды. Қонақүйге кіргенде тас дәуіріне енгендей әсерде боласыз. Бірақ, жайлы төсек, жарық та сәулетті бөлмедегі заттардың бәрі заманауи үлгіде жасалған. Коньяның дәл жүрегінде, Мевланының жанында орналасқан HICH қонақүйі әр туристің көңілінен шығарына күмән жоқ. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАР АРАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚ 11,6 ПАЙЫЗҒА ТӨМЕНДЕГЕН 1 оқу мин Әлеумет ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАР АРАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚ 11,6 ПАЙЫЗҒА ТӨМЕНДЕГЕН 26.07.2024 2813 ҚАЛА ӘКІМІ БІРНЕШЕ НЫСАНДАРДА БОЛЫП, АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН ЖҰМЫСТАРМЕН ТАНЫСТЫ 1 оқу мин Әлеумет ҚАЛА ӘКІМІ БІРНЕШЕ НЫСАНДАРДА БОЛЫП, АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН ЖҰМЫСТАРМЕН ТАНЫСТЫ 03.07.2024 21326 АПТА САЙЫН АЗЫҚ-ТҮЛІК ЖӘРМЕҢКЕЛЕРІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛЫП, КҮНДЕЛІКТІ ТҰТЫНАТЫН ТАУАРЛАР НАРЫҒЫНАН 10-15% ТӨМЕН БАҒАДА САТЫЛУДА 1 оқу мин Әлеумет АПТА САЙЫН АЗЫҚ-ТҮЛІК ЖӘРМЕҢКЕЛЕРІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛЫП, КҮНДЕЛІКТІ ТҰТЫНАТЫН ТАУАРЛАР НАРЫҒЫНАН 10-15% ТӨМЕН БАҒАДА САТЫЛУДА 03.07.2024 21143